19.08.2021, 18:46 11109

Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары өзекті мәселелерді талқылады.
НҰР-СҰЛТАН. 19 ТАМЫЗ - Ресей тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кеше телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады", - деп хабарлады ведомствода.

 
Екіжақты күн тәртібін талқылау кезінде жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы кездесулердің кестесі қаралды, адам құқықтары туралы тақырып бойынша өзара іс-қимылды күшейту бойынша жалпы түсінікке қол жеткізілді. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны