11.05.2022, 17:44 47376
Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Сурет: facebook/Askhat Aimagambetov
Достарға айту
Келісімнің басты бағыттары:
- Оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы.
- Білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
- Өзара негізде білім алушылардың ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыру.
- Ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу.
- Бірлескен бағдарламалар негізінде білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
- Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
"Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін стипендиялар ұсынады. Сондай-ақ сапар барысында биыл Түркиядан Қазақстанға өткізілетін Халықаралық Түркі академиясының Ғылыми кеңесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды", - деп түйіндеді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.09.2026, 14:20 306
Құрылтайда депутаттардың жалақы мөлшері белгілі болды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Құрылтай депутаттарының жалақысы айына 600 мыңнан 1 млн теңгеге аралығында болады, деп мәлім етті пленарлық отырыстан кейін өткен брифингте Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева.
"Қазір депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін. Егер депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 млн теңгеге дейін жетеді", - деді Дания Еспаева.
Өз кезегінде Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Үнзила Шапақ Құрылтайда депутаттардың белсенділігі бойынша рейтинг жоқ екенін және оны енгізу жоспарланбағанын хабарлады.
"Барлық депутат белгілі бір фракцияның мүшесі. Егер депутат депутаттық сауалды жарияламаса, бұл оның жұмыс істемейтінін білдірмейді. Депутаттық сауал фракцияда талқыланады, содан кейін оны пленарлық отырыста бір ғана депутат жариялайды. Бұл депутат жұмысының көрсеткіші емес. Сондықтан депутаттық сауалды оқымағаны немесе небәрі екі сауал оқығаны үшін оның жалақысын қысқарта алмаймыз", - деді ол.
Бұған дейін вице-спикер депутаттық әдепті бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершілік шаралары туралы да айтқан болатын. Құрылтайда мұндай жағдайларды қарау үшін Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес құрылады. Оған азаматтар мен заңды тұлғалар жүгіне алады.
Әдеп нормаларын бұзғаны үшін депутатқа сөгіс жариялануы, көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттелуі, бір немесе үш отырыста сөз сөйлеу құқығынан айырылуы немесе отырыстардан шығарылуы мүмкін. Жаза шараларының бірі ретінде бір күндік жалақысынан айыру да қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2026, 13:22 1461
Қазақстанда трэш-стримдер үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстанда "трэш-стриминг" ұғымын заңнамалық тұрғыдан бекітіп, тікелей эфирде зорлық-зомбылықты, қауіпті пранктерді, қорлау мен арандатушылық әрекеттерді көрсеткендер үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылды. Құрылтай депутаты Жарқынбек Амантайұлы мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев пен Ішкі істер министрі Ержан Саденовке осындай депутаттық сауал жолдады.
Оның айтуынша, тікелей эфирде балағат сөз айту, адамды қорлау, ар-намысына тию, қауіпті пранктер ұйымдастыру жиілеп барады. Стримерлердің кейбірі мұны әдейі жасайды. Себебі дөрекі әрі арандатушы контент көп қаралым жинайды. Ал қаралым лайк пен донатқа, кейде жарнамадан түсетін табысқа ұласады.
"Сөйтіп, заңға қайшы әрекет кей жағдайда ақша табудың құралына айналып отыр", - делінген депутаттық сауалда.
Депутат Ішкі істер министрлігі мұндай фактілер бойынша таяуда бірнеше нақты шара қабылдады. Құқыққа қайшы осындай контент таратқан бірқатар әлеуметтік желі қолданушысы әкімшілік жауапкершілікке тартқанын атап өтті.
Сауалда өздерінің келісімінсіз тікелей эфирге түсіп қалған адамдарды қорғауға ерекше назар аударылған. Депутаттың пікірінше, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау тетіктерін күшейту қажет.
"Біз сөз бостандығын шектеуді ұсынбаймыз. Керісінше, сөз бостандығы мен жауапкершіліктің нақты шекарасы белгіленуі керек", - деп атап өтті Амантайұлы.
Осыған байланысты депутат "трэш-стриминг" ұғымын заңнамалық тұрғыдан нақты айқындап, зорлық-зомбылықты, қауіпті пранктерді, қорлау мен әдейі арандатушы әрекеттерді тікелей эфирде насихаттағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.
Сондай-ақ, TikTok, Instagram, YouTube және басқа да платформалармен бірлесіп, құқыққа қайшы тікелей эфирлерді жедел анықтау, бұғаттау және авторларын сәйкестендірудің тиімді тетігін қалыптастыру ұсынылды.
Сонымен қатар, депутат Тікелей эфирлер мен әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентке тұрақты мониторинг жүргізудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастырып, оның нәтижелері бойынша қоғамға ашық ақпарат беріп отыруға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2026, 12:17 1711
Құрылтай депутаттары әдеп нормаларын бұзғандары үшін жазалануы мүмкін
Достарға айту
Құрылтайда депутаттық әдепті бұзғаны үшін нақты жауапкершілік шаралары қолданылады. Бұл туралы брифинг барысында вице-спикер Дания Еспаева мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Дания Еспаева депутаттық әдепті бұзуға, атап айтқанда, сөз сөйлеп тұрған адамдарға негізсіз ескерту жасау, сондай-ақ депутаттардың немесе басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, қорлайтын сөздер айту жатқызылуы мүмкін екенін атап өтті.
"Депутаттық әдеп депутатқа жұмыс топтарының отырыстары мен Құрылтай жұмысы кезінде ғана емес, Құрылтайдан тыс уақытта да талаптар қояды. Депутат жоғары моральдық қасиеттерге ие, өзіне жоғары талап қойылатын адам болуы тиіс",- деп атап өтті вице-спикер.
Депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беретін ақпаратының шынайылығына қатысты да жеке талаптар қарастырылған. Еспаеваның айтуынша, депутат өз сөздері мен жауаптарында тексерілген және шынайы мәліметтерді пайдалануға міндетті. Шынайылығы расталмаған ақпаратты тарату да депутаттық әдепті бұзу ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мұндай өтініштерді қарау үшін Құрылтайда депутаттық әдеп жөніндегі кеңес құрылады. Ол азаматтардан да, заңды тұлғалардан да келіп түскен өтініштерді қарайды.
Депутаттық әдепті бұзғаны үшін бірқатар жаза қарастырылған.
"Біріншіден, бұл - сөгіс. Екіншіден, депутат көпшілік алдында кешірім сұрауы тиіс. Үшіншіден, Құрылтайдың бір отырысында немесе үш отырысы бойы сөз беруге тыйым салынуы мүмкін. Сондай-ақ, бір отырыстан немесе үш отырыстан шығарып жіберу қарастырылған. Соңғысы - бір күндік жалақысынан айыруды қарастырады", - деп қорытындылады Дания Еспаева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2026, 11:09 3021
16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге тыйым салу: Құрылтай депутаттары шектеу тетігін ұсынды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Құрылтай депутаттары 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуін шектеу тетігін әзірлеуді, олардың дербес деректерін қорғауды күшейтуді және әлеуметтік желілердің оқушылардың денсаулығы мен оқу үлгеріміне тигізетін әсеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжанов премьер-министр Олжас Бектеновке тиісті депутаттық сауал жолдай отырып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейін 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне заңнамалық тұрғыдан тыйым салу туралы бастаманы қолдағанын еске салды.
Депутаттың айтуынша, мәселенің өзектілігі артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы жүргізген зерттеуге 44 елдегі 280 мыңға жуық жасөспірім қатысты. Әлеуметтік желілерді проблемалық деңгейде пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі 2018 жылдың 7 пайызынан 2022 жылдың 11 пайызына дейін өскен.
ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жүргізілген зерттеу нәтижесінде, Қазақстандағы 9-10 жастағы балалардың 60 пайызы және 11-12 жастағы балалардың 66 пайызы әлеуметтік желілерде аккаунттары тіркелгені белгілі болды. Ал, балалардың 88 пайызында жеке смартфон бар және олар ең танымал TikTok, YouTube және Instagram платформаларын еркін пайдаланып отыр деген сөз.
Сондай-ақ, балалар әл-ауқаты индексіндегі 10-18 жас аралығындағы әлеуметтік желілер арқылы жасалатын буллингке ұшыраған балалардың көрсеткіші екі еседен асып, 2024 жылы - 15 пайызға, 2025 жылы - 33,5 пайызға көтерілген.
Депутаттық желіге шамадан тыс әуестік баланың кітап оқуына, спортпен айналысуына, отбасымен қарым-қатынасына және сабаққа дайындалуына бөлінетін уақытты қысқартады. Соның салдарынан зейін қою, ақпаратты терең қабылдау және өздігінен ойлау дағдылары түбегейлі әлсіруі мүмкін екені атап өтілген.
Депутат сондай-ақ заңнамалық тұрғыдан салынған тыйымның өзі жеткіліксіз екенін атап өтті. Пайдаланушылардың жасы қалай тексерілетіні, балалардың дербес ақпараты қалай қорғалатыны және жалған аккаунттар арқылы шектеулерді айналып өту әрекеттері қалай бұғатталатыны айқындалуы қажет. Бұл ретте білім алуға қажетті цифрлық платформаларға қолжетімділікті сақтау маңызды.
Осыған байланысты депутаттар Үкіметтен 1. 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қою тетігін әзірлеуді, олардың дербес және цифрлық деректерін қорғауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ оқушыларға цифрлық гигиена, медиасауаттылық және әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану дағдыларын жүйелі түрде үйретуді сұрады.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің балалардың психологиялық жағдайына, ұйқысына және оқу үлгеріміне әсерін тұрақты түрде зерттейтін ұлттық мониторинг жүйесін құру ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2026, 10:23 3411
Заң жобалары үш оқылымда қаралады: Құрылтай жаңа жұмыс регламентін бекітті
Достарға айту
Құрылтай депутаттары жаңа бір палаталы Парламенттің жұмыс тәртібін айқындайтын регламентті қабылдады. Атап айтқанда, енді заң жобалары үш оқылымда қаралатын болады.
Құжат Қазақстанның жаңа Конституциясына және "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес әзірленді.
Регламент Құрылтай отырыстарын өткізу, заң жобаларын қарау, депутаттар мен тұрақты комитеттердің жұмыс тәртібін айқындайды. Оны әзірлеу кезінде Парламент пен оның палаталарының бұған дейін қолданыста болған регламенттері ескеріле отырып, рәсімдер бір палаталы модельге бейімделді.
Негізгі өзгерістердің бірі заң жобаларын қарау тәртібіне қатысты болды, атап айтқанда енді бұл процесс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші оқылымда депутаттар заң жобасының негізгі ережелерін, мақсаттары мен міндеттерін талқылайды. Екінші оқылымда бас комитеттің салыстырмалы кестесіне енгізілген түзетулер қаралады. Үшінші кезеңде Құрылтай құжаттың түпкілікті редакциясын Конституцияға сәйкестігі және құқықтық олқылықтардың бар-жоғы тұрғысынан қарайды.
Бұл ретте халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялау туралы заң жобалары екі оқылымда қаралады.
Регламент Құрылтайдың Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимыл тәртібін де айқындайды. Оның өкілдері Кеңестің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша тыңдауларға, тұрақты комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарына қатыса алады.
Сонымен қатар, құжат депутаттық әдеп қағидаларын және Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс тәртібін де белгілейді.
Бұған дейін Мәжіліске енгізіліп, қаралып үлгермеген заң жобалары Құрылтайға беріледі. Олар бойынша жұмыс жаңа регламенттің ережелеріне сәйкес жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.09.2026, 19:03 18096
Отандық дәрігерлер Түркия емханаларында тағылымдамадан өте алады
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы Түркиядағы "Hisar Intercontinental Hospital" емханасының басшылығымен Қазақстан мен Түркия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, атап айтқанда, қазақстандық дәрігерлердің Түркияның жетекші медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өту мүмкіндіктері талқылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар қазақстандық медицина мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи медициналық тәжірибемен және жаңа технологиялармен танысу, сондай-ақ тәжірибе алмасу бағыттарындағы ынтымақтастықты жалғастыру маңыздылығын атап өтті.
Осы ретте, қазақстандық дәрігерлердің тағылымдамадан өту тәртібі, медициналық бағыттар мен мамандықтар, тағылымдаманың мерзімі және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша пікір алмасты.
Түрік тарапы қазақстандық дәрігерлердің тағылымдамадан өтуіне қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, тиісті бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделілігін атап өтті.
Сондай-ақ, аталған емханада ем алып жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесу өткізілді.
Келіссөздер нәтижесінде қазақстандық медицина мамандарының аталған емханада тәжірибе алмасуға және осыған қоса Түркияда медицина саласында оқып жүрген қазақстандық студенттердің тағылымдамадан өту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.09.2026, 18:54 17766
Алматы павильоны Малайзиядағы "MATTA Fair 2026" туристік көрмесінде жүлделі болды
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Алматы Малайзияның халықаралық туристік көрмесі "MATTA Fair 2026"-да туристік әлеуетін таныстырды, деп хабарлайды ҚР Сырты істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
СІМ Қазақстан соңғы жиырма жылдан астам уақыт бойы туризм саласында жетекші орындардың бірін иеленіп келе жатқан Малайзияның ең ірі туристік іс-шарасында алғаш рет таныстырылғандығын атап өтті.
Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев құттықтау сөзінде екі ел арасындағы туристік алмасуды кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның "MATTA Fair"-ге қатысуы елдің туристік әлеуетін малайзиялық саяхатшылар арасында насихаттауға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.
Малайзияның Туризм, өнер және мәдениет министрлігінің Бас хатшысы Шахаруддин бин Абу Сохот Алматының туристік хаб ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын, бұл Қазақстанның басқа өңірлеріне және Орталық Азияға саяхаттауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
СІМ мәлімдеуінше, "Visit Almaty" павильоны көрменің ең үздік стендтерінің бірі болды: оның дизайны мен шығармашылық ұжымның қойылымдары малайзиялық туристер мен сала өкілдерінің қызығушылығын арттырды. Көрменің үш күні ішінде павильонға тіркелген 10 мыңнан астам қонақ келіп, Алматының көрікті жерлерімен, асханасымен және дәстүрлерімен танысты.
Көрме нәтижесі бойынша Алматы павильоны ең үздік мәдени бағдарлама үшін марапатқа ие болды.
Көрме аясында Куала-Лумпурда Алматыны Орталық Азиядағы ең тартымды бағыттардың бірі ретінде насихаттауға арналған "Almaty Tourism Day" іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға Малайзияның Туризм министрлігі, МАТТА мен МАТА қауымдастықтарының, авиакомпаниялар мен туристік бизнестің өкілдері қатысты. Бағдарлама презентациялар, меморандумдарға қол қою және іскерлік кездесулерден тұрды.
Күннің басты нәтижесі, Алматы Әкімдігінің Туризм басқармасы мен Малайзияның турагенттіктер мен туроператорлар қауымдастығы арасында ынтымақтастықты нығайтуға, ақпарат алмасуға және екі елдің туризм саласы арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.09.2026, 18:26 18891
Қазақстандағы перзентханаларды тексеру нәтижесінде 29 медициналық ұйымда заңбұзушылық анықталды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстандағы босандыру ұйымдарының 29-ында дезинфекциялық-стерилизациялық режим талаптарының бұзылғаны анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі босандыру ұйымдарының 84 нысанының 82-сінде тексеру жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Мамандар барлығы 35 перинаталдық орталық пен 47 босану бөлімшесін тексерді. Мамандар инфекциялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын, оның ішінде стерилизациялау және дезинфекциялау жұмыстарын, желдету және сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйін, инфекцияларды уақтылы анықтауды және инфекциялық бақылау қызметтерінің жұмысын бағалады.
Сондай-ақ, медициналық көмек көрсетудің нақты жағдайларын бағалауға мүмкіндік берген зертханалық зерттеулер жүргізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша 81 санитариялық нұсқама берілді. Анықталған заңбұзушылықтар қауіп-қатерлерді шұғыл жоюды талап еткен жағдайларда қосымша шаралар қабылданды.
Министрлік келесі кезеңде балалар ауруханаларында тексеру жүргізіледі. Одан кейін осындай жұмыс медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында да жүргізілетін болады.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында жаңа туған нәресте босану кезінде алған жарақаттарынан кейін қайтыс болған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.09.2026, 09:58Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады 10.09.2026, 10:47 3311SPIC компаниясы Екібастұзда салынатын жел электр станциясына 1,2 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салмақ10.09.2026, 10:23 3301Заң жобалары үш оқылымда қаралады: Құрылтай жаңа жұмыс регламентін бекітті10.09.2026, 11:09 291116 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге тыйым салу: Құрылтай депутаттары шектеу тетігін ұсынды10.09.2026, 12:17 1601Құрылтай депутаттары әдеп нормаларын бұзғандары үшін жазалануы мүмкін
03.09.2026, 17:22 82951Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79721Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70476Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66876Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64711Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді
03.09.2026, 17:22 82951Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79721Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70476Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66876Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64711Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді

