27.05.2022, 17:35 28636

Қазақстан мен Қырғызстан әуе құтқару саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан әуе құтқару саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойды
БІШКЕК. 27 МАМЫР - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Аталған келісімнің мақсаты Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару үшін мемлекеттердің іздестіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастықты дамыту және одан әрі нығайту болып табылады.
 
ҚР ИИДМ басшысы екі ел арасындағы авиациялық, автомобиль және теміржол көлігі, экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдар, автожолдар құрылысы, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі туралы ақпарат дайындады. Сонымен қатар, шешілмеген мәселелер мен шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту және қайта құру тақырыбына ерекше назар аударылды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны