30.03.2023, 10:36 60386

Қазақстан Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды

Президент ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды
Қазақстан Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды
Сурет: Primeminister.kz
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына "AMANAT" партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Мәжіліс сайлауында жеңіске жеткен партияға ел Премьер-Министрі лауазымына кандидатура ұсынуға мүмкіндік берді.

30.03.2023, 11.45 толықтырылды

Мәжілістегі пленарлық отырыста сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың Премьер-Министр лауазымына кандидатурасын ұсынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны