Система Orphus

Қазақстан Президенті ОА-да шекараларды делимитациялаудың тәсілдемелерін әзірлеу үшін сарапшылық алаң құруды ұсынды

21.07.2022, 15:54 39996
ШОЛПАН-АТА. 21 ШІЛДЕ - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі барысында шекараларды делимитациялау тәсілдерін әзірлеу үшін сарапшылық алаң құруды ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев шекараны заңды түрде рәсімдеу үдерісінің өте күрделі әрі қиын екенін атап өтті. 
 

Даулы мәселелер шынайы тату көршілік пен халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына құрмет көрсету арқылы тек қана бейбіт жолмен шешілуі мүмкін. Бұның басқа жолы жоқ. Бұл кешенді проблемаларды елемеудің немесе созбалаңға салудың салдары қиын болады, тіпті Орталық Азиядағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған барлық күш-жігерімізді жоққа шығаруы мүмкін. Посткеңестік кеңістікте өзінің шекарасын толық делимитация жасаған мемлекет ретінде, Қазақстан, өзара тиімді шешімдер іздестіруге барынша көмек көрсетуге дайын", - деді Президент.

 
Нақтырақ айтқанда, шекараны делимитациялаудың өзара тиімді тәсілдерін әзірлеу үшін сарапшылар алаңын құруды ұсынылды. 
 
Тоқаев бұл жұмысқа тәжірибелі заңгерлер, картографтар, шекарашылар және басқа да мамандарды тарту керек екенін атап өтті.
 

Осы істе үйлестіру міндетін Сыртқы істер министрлер кеңесіне жүктеуге болады", - деді ол.

 
Президент өз сөзінде ОА мемлекеттерінің басшылары өңірдегі әлі де сақталып отырған тұрақсыздық факторларын барынша жою үшін барлық мүмкіндікті жасауға тиіс екенін атап өтті.
 

Мемлекетаралық шекаралардағы әрбір мылтық даусының жаңғырығы екі елге ғана емес, бүкіл өңірге жағымсыз әсер етеді. Керісінше, дәл қазіргі дағдарыс жағдайында мемлекеттеріміз қайшылықтарды еңсеру ісінде өркениеттіліктің, жауаптылықтың үлгісін көрсетуге тиіс", - деді ол.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны