25.03.2021, 17:42 11888

Қазақстан ядролық сынақтарға тыйым салу туралы Шарт ұйымының Дайындық комиссиясының тобын басқарды

ЯСЖТШҰ Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын халықаралық ұйым болып табылады.
НҰР-СҰЛТАН. 25 НАУРЫЗ - Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы Шарт ұйымының Дайындық комиссиясының жұмыс тобын басқарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Халықаралық қоғамдастық Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға қосқан үлесін мойындай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбековті Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) Дайындық комиссиясы жұмыс тобының төрағасы етіп сайлады", - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінде.

 
ЯСЖТШҰ Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын халықаралық ұйым болып табылады.
 

ЯСЖТШҰ-ның жұмыс тобына төрағалық ету еліміздің жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға бет алған бағытына берілген жоғары баға екені сөзсіз", – деді Эрлан Батырбеков.

 
Ведомствода атап өткендей, Қазақстан ЯСЖТШҰ-ға елеулі қолдау көрсетіп, оның мақсаттарына қол жеткізуде табандылық танытты.
 

Мәселен, Ұлттық ядролық орталық пен ЯСЖТШҰ-ның халықаралық мониторинг жүйесін – ХМЖ құру тұрғысындағы белсенді ынтымақтастығы байқалады. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық ядролық орталығының жедел басқаруымен төрт сейсмикалық және бір инфрадыбыстық ХМЖ станциясы, сондай-ақ Қазақстан ұлттық деректер орталығы – KNDC жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Орталық Азияда алғашқы асыл газдарды радионуклидтік мониторингілеу станциясы құрылуда", - деді Энергетика министрлігінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны