18.06.2021, 23:55 52464

Қазақстан Әзербайжанмен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Келісім екі елдің көші-қон саласындағы ынтымақтастығы үшін құқықтық негіз құруға және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

НҰР-СҰЛТАН. 18 МАУСЫМ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісім екі елдің көші-қон саласындағы ынтымақтастығы үшін құқықтық негіз құруға және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Енді тараптар анықталған көші-қон заңнамасын бұзушылықтар және заңсыз көші-қон арналары туралы, екі тараптың аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысы бар заңды және жеке тұлғалар туралы ақпарат пен мәліметтер алмасуды жүзеге асыра алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны