26.05.2021, 19:05 16743

Қазақстанда бағалы металдардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қайтарылады

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
НҰР-СҰЛТАН. 26 МАМЫР - Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Заң жобасында бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, сондай-ақ зергерлік бұйымдардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекске жаңа бап ұсынылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
 
Заң жобасын талқылау барысында Нұрлан Нығматулин жуық арада ғана Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді қарағанын, сол кезде Қазақстанда ЕАЭО бойынша серіктестерімізден – Ресей мен Беларусьтен айырмашылығы бағалы металдардың заңсыз айналымы саласында жасалған қылмыстар үшін "Неге қылмыстық жауапкершілік жоқ?" - деген сұрақ туындағанын атап өтті. Нәтижесінде, тек әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны анықталды. 
 

Бұл осы саладағы қылмыстық белсенділіктің кең көлемде өсуіне әкелгені анық. Мәселен, тек Степногорск өңірінде 2015-2020 жылдар аралығында құрамында алтыны бар заңсыз өндірілген 6 357 тонна шикізат тәркіленді", - деді Палата Спикері. 

 
Нәтижесінде Н. Нығматулин ел экономикасына, оның ішінде салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түспеуі түрінде елеулі залал келтірілгенін атап өтті. Сондай-ақ, осы заңнамалық түзетулердің нәтижесінде оң өзгерістер болатынына сенім білдірді. 
 
Тұтастай алғанда, заң жобасының нормалары азаматтардың құқықтарын қорғауды арттыруға, прокуратураның қадағалауын кәсіпкерлердің проблемаларын тиімді шешуге қайта бағдарлауға мүмкіндік береді, кәсіпкерліктің өз қызметіне заңсыз араласудан, бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау аясына тартудан кепілдіктерін күшейтеді, сондай-ақ осы түзетулер бағалы металдардың заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтуге мүмкіндік береді.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны