20.01.2023, 18:04 27416

Қазақстанда ІІМ-нің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді

Қазақстанда ІІМ-нің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді
Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануы тиіс

Астана. 20 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ІІМ сайтында "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" бұйрық жарияланды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
 

Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін", - делінген құжат мәтінінде.

 
Жоспар мәтінінде айтылғандай, мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануы тиіс.
 

Кішігірім құқық бұзушылықтар, бұзақылық, мәдениетсіздік қоғамдық тыныштықты бұзады, өмір сапасын төмендетеді. Тәртіпсіздік пен бейберекетсіздік едәуір ауыр қылмыстарға негіз болады", - делінген жоспарда.

 
Ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік ахуалы - қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы, қылмысқа қарсы күрестегі маңызды қадам.
 

Құқықтық нигилизмді еңсеріп, қоғамды қоғамдық тәртіпті сақтау ісіне қосу керек", - делінген мәтінде.

 
Бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Бұған дейін Үкімет "Қазавтожолды" дамытудың онжылдық жоспарын бекіткені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны