22.04.2024, 17:42 24461
Қазақстанда интернет-казино ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуде
Достарға айту
Мәжіліс ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Төменгі палатаның баспасөз қызметінен.
Заң жобалары Мемлекет басшысының құмар ойындарға тәуелділікке қарсы күресті күшейту туралы тапсырмасы аясында әзірленді. Оған депутаттар бастамашы болды.
Заң жобасы бойынша жеке тұлғалардың құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу жасы 21-ден 25 жасқа көтеріледі. Сонымен қатар алимент және несие берешегі өтелмеген азаматтардың, яғни борышкерлердің бірыңғай реестрінде тұрған тұлғалардың құмар ойын ойнауына тыйым салынады.
Аталған санаттарға заңсыз ойын ойнауға мүмкіндік берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылар құмар ойындар мен бәс тігудің тәуекелдері мен зияны туралы хабарлауға міндеттеледі. Мұндай ақпарат ойын мекемелерінде, ғимараттарда, билет кассаларында және букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың электронды кассаларында, казино кассалары мен ойын автоматтары залдарында, сондай-ақ өздерінің интернет-ресурстарында орналастырылуы тиіс. Талаптарды орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.05.2024, 11:46 12736
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұтынушылардың коммуналдық төлемдері бойынша шаралар қабылданды
Достарға айту
ҚР Үкіметі тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кейінге қалдыру наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді қамтиды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек жүзеге асыра алады.
Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын болады.
Бұл тізімдер коммуналдық кәсіпорындарға жіберіледі, олар өз кезегінде коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды.
Сұрақтар туындаған жағдайда тұтынушылар ҚР ҰЭМ ТМРК-нің тиісті аумақтық департаментіне төмендегі нөмірлер бойынша хабарласулары қажет:
- ҚР ҰЭМ ТМРК Ақмола облысы бойынша департаменті: 8 (7162) 50-43-27;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Ақтөбе облысы бойынша департаменті: 8 (7132) 55-73-60;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Атырау облысы бойынша департаменті: 8 (7122)21-10-42;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7112) 25-13-25;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Қарағанды облысы бойынша департаменті: 8 (7212) 41-52-96;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Қостанай облысы бойынша департаменті: 8 (7142) 53-52-40;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Павлодар облысы бойынша департаменті: 8 (7182) 32-12-04;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7152) 53-42-56;
- ҚР ҰЭМ ТМРК Ұлытау облысы бойынша департаменті: 8 (7102)76-03-91.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 16:37 38006
Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті
Достарға айту
Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуде қорға қатысушы елдердің мәдениет министрліктерінің басшылары бас қосты.
Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры 2015 жылы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен құрылды және оны Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекеттерінің басшылары қолдады.
Қор құрудағы негізгі мақсат – түркі мәдениеті мен мұрасын сақтауға, зерделеуге және насихаттауға арналған бағдарламалар мен жобаларды қолдау және қаржыландыру.
Әзірбайжан Мәдениет министрі Әділ Керимли қор алдында Түркі әлемі үшін өзекті жаһандық және өңірлік жағдайға сай жаңа бағыттарды дамытуда ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова қор нәтижелерімен бөлісіп, алдағы жаңа бағыттар мен 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Жалпы, қордың жұмыс жоспарын барлық қатысушы елдер қолдады. Аталған жоспарды жүзеге асыру ұйым қызметіне жаңа серпін берері сөзсіз.
Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз сөзінде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры түркі мемлекеттерінің халықаралық аренадағы бірлігінің үлгісі екенін атап өтті.
«Қор біздің мәдениетімізді де, елімізді де бір-бірімен одан әрі жақындастыра түседі. Мәдени және ғылыми іс-шаралар, оның ішінде Қордың ұйымдастыруымен өтетін көрмелер байланысымызды нығайтады және тығыз ынтымақтастыққа мүмкіндік туғызады», – деді Аида Балаева. Министр отырысқа қатысушыларды Таңбалы петроглифтеріне арналған ғылыми-практикалық конференцияға шақырды.
Биыл Қазақстанда өтетін конференцияға түркі әлемінің ғалымдары жиналады.
Министр Түркі мемлекеттері ұйымы, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы, Халықаралық Түркі академиясының және Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының түркі мұрасын сақтауға және насихаттауға бағытталған қызметтерінің нақты функцияларын бірге атқару және айқындау үшін жоспарларды талдау керектігін атап өтті.
Осыған байланысты, оның пікірінше, ескерткіштерге сараптама жүргізу, реставрация жасау, сондай-ақ оларды ЮНЕСКО тізіміне енгізу бойынша бірыңғай топ құрған жөн.
Сонымен қатар Аида Балаева 6-шы Дүниежүзілік мәдениетаралық диалог бойынша форумға қатысты. Форум Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің қатысуымен өтті.
Іс-шараға 110-нан астам елден жүздеген қатысушы келді.
Панельдік пікірталастар мен пленарлық отырыстарда білім, жастар, климаттың өзгеруі, жасанды интеллект, мәдени мұраны қорғау, заңсыз көші-қон сияқты тақырыптар талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 16:34 38281
Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды
Достарға айту
ҚМА Төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиевпен кездесті, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Агенттік қызметкерлері депутатты "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл", "Қорғау" және басқа да әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті.
Төрағаның орынбасары Қ. Бижанов лудомания тәуекелдерін сәйкестендіру жөніндегі мемлекеттік платформаны енгізу туралы баяндады. Бұл жаңашылдық арқылы кәмелетке толмағандардың, лудомандардың, шамадан тыс кредиттелген азаматтар мен әлеуметтік осал топ мүшелерінің бәс тігу мүмкіндігін шектеуге болады. Сонымен қатар, қылмыстық кірістерді жылыстату және заңдастыру фактілерінің алдын алуға бағытталған.
Нартай Сәрсенғалиев Агенттік дайындаған ҚР "Ойын бизнесі туралы", "Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарына түзетулермен танысты.
Депутат оларды қарауға және сараптамалық-әдістемелік қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Тараптар кездесудің жемісті екенін атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 16:15 38536
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады
Достарға айту
ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері ҚР Бас прокуратурасы талабының шеңберінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның өндірістік филиалдарына қатысты бірқатар өңірлерде жоспардан тыс тексерулер жүргізді.
Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалдарының іс-әрекеттерінде реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеу бойынша кесу, пломбалау және газды бастапқы іске қосу қызметтері үшін тұтынушылардан ақы алу сияқты бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Осы қызметтер үшін негізсіз есептеулер сомасы шамамен 1,2 млрд. теңгені құрады.
ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның филиалдарына қатысты жол берілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 79 536 471 теңге көлемінде әкімшілік істер қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 15:49 39476
Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты
Достарға айту
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында Dedeman International Hotels & Resort-қа барып, қонақ үйдің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл - жуырда ғана оңтүстік астанада өзінің алғашқы қонақ үйін ашқан және жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қонақты қабылдайтын ең ірі халықаралық желі. Елімізде шетелдік қонақ үй желілерінің ашылуы нарықта бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, барлық туриске қолайлы жағдай жасалмақ.
Сонымен қатар Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысымен танысты. Жоба қазір аяқталуға жақын. Терминал биылғы жазда жұмысын бастауға тиіс. Жаңартудан кейін әуежай жылына 10 миллионнан аса жолаушы қабылдай алады.
Сондай-ақ осы жылдың соңына қарай қала тұрғындары мен қонақтары үшін Көк-Төбеде жерасты паркингі бар жаңа конгресс-холл ашылуға тиіс. Мұндай жобаны жүзеге асыру мегаполиске әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Бұл - қаланың туристік тартымдылығына ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 15:24 40131
Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады
Достарға айту
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен көкөністер бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі үш апта қатарынан төмендеп келеді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдер бойынша байқалып отыр.
Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының анағұрлым ауытқуына жол бермеу үшін Үкімет Өзбекстан және Тәжікстан жеткізушілерімен тікелей келісімшарт жасау мүмкіндіктерін алдын ала пысықтады. Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы - "QazTrade" АҚ өзбек және тәжік серіктестерімен тиісті шарттарға қол қойды.
Көкөністер Қазақстан нарығына "жасыл дәліз" арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілетін болады.
9 ӘКК-мен жалпы көлемі 4 мың тонна болатын импорттық көкөністерді, оның ішінде 2 060 тонна картоп пен 1 940 тонна пияз жеткізуге шарттар жасалды.
Қазақстанның барлық өңірінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету және маусымаралық кезеңде көкөністер бағасының ауытқуын болдырмау үшін Премьер-Министр келісімшарттарды уақтылы бекітуді және өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Жалпы алғанда, әкімдіктерге кемінде 18,6 мың тонна картоп, 7,2 мың тонна сәбіз және 5 мың тонна пиязға алдын ала келісімшарт жасау қажет. Қазіргі уақытта қолда бар қорлардан 81 мың тонна көлемінде көкөніс өнімдері пайдалануға берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 15:15 40616
Президентке биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берілді
Сурет: akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке мемлекеттік қаржының негізгі параметрлері, оның ішінде биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берілді. Осы ретте 3 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнімсіз бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Мәди Такиевтің айтуынша, жүргізілген сараптама нәтижесінде биыл 300 миллиард теңгеден астам соманы қысқарту ұсынылған. Бұл қаражат экономикалық қайтарымы барынша жоғары шараларға жұмсалады.
Мемлекет басшысына бюджетті басқару тиімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Аталған шаралар жаңа Бюджет кодексіне енгізілген.
Бұдан бөлек Президентке салықтық-кедендік әкімшілендіру ісіндегі жаңа бастамалар таныстырылды. Министрдің айтуынша, жаңа Салық кодексінің жобасында салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілген, тексерулер санын қысқарту жөніндегі нормалар қарастырылған, камералық бақылау және салық берешегін өндіріп алу тәсілдері өзгертілген.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен кедендік шекарасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Жобаның жүзеге асырылуы өткізу мүмкіндігін 6 есеге дейін ұлғайтып, өту уақытын 2 есе қысқартуға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын тексеру ісін тәулік бойы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Барлық өткізу пунктін реконструкциялау жұмыстарын жыл соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр.
Мәди Такиев мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау жоспары жөнінде айтты. Оның мәліметінше, "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заң жобасында сатып алу рәсімдерін жеңілдету және бюрократиядан арылту, құрылыс нарығында монополияға жол бермеу, барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымның сатып алуларын бірыңғай платформаға көшіру көзделген.
Кездесу соңында Президент мемлекеттік қаржының жағдайын жақсарту, атап айтқанда, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларын цифрландыру арқылы жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 12:14 44906
Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады
Достарға айту
Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңды мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Палата депутаты Бауыржан Қаниев аталған құжат Қазақстанның 38 заңнамалық актісіне, оның ішінде 9 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен түзетулер енгізетінін айтты.
Олар:
- байланыс операторларының байланыс инфрақұрылымына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары шеңберінде байланыс желілерін орналастыру орындарын айқындау;
- ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінде цифрландыру кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша байланыс қызметтерін субсидиялау;
- жаңа туған нәрестелердің дербес деректерін жоғалту тәуекелдерін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру;
- байланыс операторларын мүгедектігі бар адамдарға жеңілдікті тарифтер беруге міндеттеу
- алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу үшін антифрод-орталықтың құқықтық мәртебесі мен функцияларын бекіту.
Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт талаптарын сақтауын бақылауға қажет ғарыштық мониторинг жүйесі арқылы орман қорын қорғау, сақтау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы заңнаманың бұзылуы туралы ақпарат алу да осы заңның аясында қарастырылған. Сондай-ақ, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне телекоммуникация желілері мен кабельдік кәріздерді бюджет есебінен түгендеу құзыреті беріледі. Заң мақұлданған жағдайда байланыс желілерінің құрылысы жеделдетіледі. Байланыс қызметтерінің сапасы жақсарып, қамту аймақтары кеңейеді және абоненттер саны артады. Сонымен қатар, байланыс операторлары арасында бәсекелестік дамып, спутниктік байланыс жұмыс істей бастайды. Инвестициялық ахуал жақсарып, экономикадағы инновациялардың үлесі артады", - деді Бауыржан Қаниев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
03.05.2024, 11:46Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұтынушылардың коммуналдық төлемдері бойынша шаралар қабылданды 03.05.2024, 10:53 3316Костенко шахтасынан шыққан түтін салдарынан 190-ға жуық шахтер эвакуацияланды03.05.2024, 11:24 3256Шымкент қаласы мен Түркістан облысында бизнес үшін электр энергиясының тарифтері төмендетілді03.05.2024, 14:39 3081Алматыда қазақстандық өндірістің бірегей фандоматы пайда болды03.05.2024, 11:04 3056ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы мәлімдеме жасады
26.04.2024, 17:09 114156Алматыдағы рекреациялық аймаққа 230 гектарға жуық жер қайтарылды26.04.2024, 17:25 113891"Бәйтерек" көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады26.04.2024, 13:36 102456Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды26.04.2024, 13:42 82646Алматыда жаңа жағалау салынуда26.04.2024, 13:40 79651Шымкентте жалған полицейлер ұсталды - ІІМ
24.04.2024, 18:17 155806Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 154071Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 151036Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады25.04.2024, 12:37 129996Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі17.04.2024, 17:52 129571ҚХР-ға теміржол арқылы жүк экспорты 21 пайызға өсті