01.12.2021, 13:44 62148

Қазақстанда Тұңғыш Президент күні аталып өтуде

Қазақстанда Тұңғыш Президент күні аталып өтуде
Сурет: azh.kz

НҰР-СҰЛТАН. 1 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанда Тұңғыш Президент күні аталып өтуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.

2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке - ҚР Тұңғыш Президенті күні бекітілді. Бұл күні ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды. Заң жобасының қабылдануымен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика алдындағы ерен еңбегі мойындалады, деді заң жобасын әзірлеудің бастамашысы сенатор Анатолий Башмаков.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстанның бірлігін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады, деп атап өтті ол.

2011 жылғы 14 желтоқсанда ҚР Президенті заңға қол қойды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні 1 желтоқсанда атап өтіледі. Жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл Қазақстан бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Елбасы, 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш жалпыхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті өкілеттігін 2019 жылғы 19 наурызда тоқтатты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны