01.03.2022, 17:30 8891

Қазақстандағы запастағы офицерлерді әскери қызметке шақырады

Қазақстандағы запастағы офицерлерді әскери қызметке шақырады
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 1 НАУРЫЗ - ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің 2022 жылғы 24 ақпандағы "запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2022 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын", - деп құжатта айтылған.


Қарулы Күштерге 150 запастағы офицерді және ҰҚК Шекара қызметіне 40 офицерді шақыру жоспарлануда.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны