17.03.2023, 14:10 15426
Қазақстандықтар жануарларға жасалған қатыгездік туралы жедел желі номеріне хабарлай алады
Достарға айту
Жануарға қатыгездік жасау - жануардың өлуіне, жарақаттануына немесе денсаулығына басқа да зиян келтіруге әкеп соқтырған немесе әкелуі мүмкін қасақана әрекет
Астана. 17 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Енді жануарларға жасалған қатыгездік туралы ҚР Экология министрлігі жариялаған жедел желі номері арқылы хабарлауға болады.
Жануарларға қытегездік танытқан фактілер анықталған жағдайда +7 (777) 195 99 00 (WhatsApp) нөміріне хабарлауды сұраймыз", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 1 наурызынан бастап елде "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң күшіне енген болатын, ол иелердің жануарлардың өмірі, денсаулығы мен амандығы, оларды қатыгез қарым-қатынастан қорғау, тұрғындарды оларға адамгершілік көзқарасын тәрбиелеу үшін дербес жауапкершілігін көздейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.12.2025, 19:40 17301
Әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын болады
Достарға айту
Мәжіліс депутаттары бастамашы болған туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заң екінші оқылымда қабылданды. Түзетулер ишкі туризмді дамытуға, туристические саланы мемлекеттік қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілисі.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңға уәкілетти органның:
- Ел ішінде кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау үшін туристік өнімге кіретін билет бағасын субсидиялауға құқылы туристік өнімге;
- келу туризмі саласындағы туристік оратороператордың шығындарын субсидиялау мөлшеріне;
- туристерді орналастыру орындарын, визит-орталықтарды салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерликікі субъектлері шығындарының бір бөлигін өтеуге қойылатын талаптарын анықтау құзыреттерін нақтылауға бахытталған түзетулер англізіледі.
Сонымен қатар әкімдіктерге мемлекеттік қолдау арқылы құрылған немесе жаңғыртылған туристік инфрақұрылым нысандарын кәсіпкерлердің иеліктен шығарылмауын, ониң мақсатты пайдаланылуын бақылау сынды жаңа өкілеттіктер беріледі. Оған туристік орындар, визит-орталықтары, тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника, сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету нысандары кіреді.
Әкімдіктерге басым туристік аймақтардың шекараларын анықтау бойынша жаңа өкілеттіктер беру оларға аймақтық ерекшеліктерді, туристік әлеутті және осы аймақтардың инфрақұрылымдық дайындығын ескеруге мүмкіндик береди. Бұл жаждет деңгейде туризма кешенді әрі теңгерімді түрде дамытуды қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 18:13 17581
Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жайық Серікқалиұлы Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Жайық Шарабасов 1980 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын және Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген
Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымда бастаған. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 09:02 29071
2026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі
Достарға айту
2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін, базалық және ынтымақты зейнетақыларды ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттыру көзделген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғарғысын 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда.
Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін артып, 60 005 теңгені құрайды.
Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан 70 жастағы зейнеткердің бюджеттен төленетін зейнетақысының мөлшері 2025 жылы 171 588 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі - 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы - 120 737 теңге. 2026 жылғы 1 қаңтардағы арттыруды ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 192 816 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы - 60 005 теңгені, ынтымақты зейнетақы - 132 811 теңгені құрайды. Аталған сомаларға БЖЗҚ төлемдері кірмейтінін атап өткен жөн.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің ұлғаюына бірнеше мысал:
- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда - 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғаяды;
- мөлшері бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, 10 баласы барларға - 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін ұлғаяды;
- I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге дейін, II топтағыларға - 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге дейін, III топтағыларға - 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін ұлғаяды.
Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) төленетін асыраушысынан айырылу және еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша төлемдер де 10%-ға артады. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Төлемдердің мөлшері жеке дара болып табылады және соңғы 2 жылда МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыруға байланысты болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 13:46 29346
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Премьер-министр еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есеп берді. Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау нәтижесінде ішкі жалпы өнім өсімінің 70 пайыздан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етіп отыр.
2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында көлік қызметі 20,3 пайызға, құрылыс 14,7 пайызға, сауда 8,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 6,1 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға ұлғайған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,5 триллион теңгені құрап, жеке инвестициялардың көлемі 9,8 пайызға өскен.
Мемлекет басшысына макроэкономикалық тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жайында мәлімет берілді. Халықтың нақты табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту арқылы ішкі жалпы өнімнің өсімін қамтамасыз ету негізгі басымдық саналады. Инфляция деңгейін төмендету шаралары қарастырылып жатыр.
Олжас Бектенов желтоқсан айында шекарадағы бес өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары аяқталғанын айтты. Қазақстандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылды. Шағын бизнесті қолдауға арналған "Іскер аймақ" бірыңғай бағдарламасы қабылданды.
Бұдан бөлек, Премьер-министр жылыту маусымы жайында есеп берді. Сондай-ақ 2026 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру ерте басталғанына тоқталды. Бұл шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен экспортқа ден қоя отырып, егіс алқаптарының көлемін сақтауды және оны ұлғайтуды көздейді.
Президент Үкімет басшысына азаматтардың мүддесіне сай еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 20:43 29561
Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа клиниканың кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық араласу арқылы дәрігерлік жәрдемнің толық спектрін көрсете алатыны жөнінде баяндалды.
Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдай алады. Сондай-ақ 47 орындық стационар бар.
Орталыққа құйылған жалпы инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгені құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 19:23 30211
Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы оқу кабинеттері мен спорт залын аралап көрді.
Президентке мекемеде 180 бала білім алып, интернатта тұратыны жөнінде баяндалды.
Мектеп жас өскіндерге білім беріп, тегін тамақтандырады әрі тұрғынжаймен қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған.
Білім ошағының негізгі мақсаты - келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру. Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты техника, дронды басқару, жасанды интеллект үйірмелеріне қатысады.
Болашақ әскери қызметшілерге ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.
Іс-шара соңында Мемлекет басшысы білім ошағына Бауыржан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 16:42 31091
Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 15:36 31341
Мемлекет басшысы "Тараз" шағын индустриалдық аймағын аралап көрді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы индустриаландыру, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, инвестициялық пул туралы мәлімет берілді.
Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған, өсім 33 пайызды құраған. Соңғы екі жылда облыста жалпы құны 242 миллиард теңге болатын 56 инвестициялық жоба іске асырылған.
Мемлекет басшысына облыстағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді. Олардың қатарында "Қазфосфат" серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіру және YONGGANG CENTRAL ASIA IRON and STEEL компаниясы салып жатқан металлургия зауыты жобалары бар.
Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы "ЕвроХим-Қаратау" ауқымды инвестициялық жобасының аралық қорытындысы ұсынылды. Қазір күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауытты іске қосу алдындағы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы өнім ішкі нарыққа жөнелтілді.
Алдағы уақытта пайдалануға берілетін Shengtai Biotech Co.Ltd жүгері өңдеу зауыты жөнінде де баяндалды. Шу ауданындағы бұл жобаға 1,5 миллиард доллар инвестиция салынған. Сонымен бірге Байзақ ауданындағы Zhongkai Kazakhstan International Company қант зауыты құрылысы жайында мәлімет берілді.
Бұдан бөлек, KAZ FMWORLD AGRICULTURAL MACHINERY компаниясының индустриалдық аймақта шығарылатын ауылшаруашылық техникалары көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.12.2025, 09:022026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі 29.12.2025, 10:57 23006Словениядағы Ақпараттық ғылымдар институты (IZUM) Қазақстанмен цифрлық саладағы өзара іс-қимылды нығайтуда29.12.2025, 11:12 22716Қазақстан АЭХА-мен техникалық ынтымақтастықты нығайтуда29.12.2025, 12:02 20511Қазақстан мен Солтүстік Македония білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда29.12.2025, 13:22 17776Ереванда Қазақстан мен Армения арасында туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды
23.12.2025, 20:50 102581Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады23.12.2025, 21:59 82411Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті23.12.2025, 19:29 77061Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады25.12.2025, 16:25 61366Қазақстан мен Израиль "жасыл" технологиялар және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда25.12.2025, 15:23 56506Нью-Делиде қазақ-үнді қатынастарының жылдық қорытындылары талқыланды
17.12.2025, 17:47 231826Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227346Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225626Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222626Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213611Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

