13.06.2022, 16:30 11111

Қазақстаннан шетел валютасы мен алтынды әкетуге тыйым салуға қатысты ерекше жағдайлар енгізілді

Қазақстаннан шетел валютасы мен алтынды әкетуге тыйым салуға қатысты ерекше жағдайлар енгізілді
Сурет: depositphotos.com
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАУСЫМ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағынан алтын мен шетел валютасын әкетуге қатысты Жарлыққа толықтыру енгізді. 
 
Бүгін баспасөз беттерінде Президенттің арнайы Жарлығы жарияланды. 
 
 "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына толықтыру енгізу туралы қаулы етілді: 
 
1. "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілді: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылды: 
 
 "1-1. Осы Жарлықтың 1-тармағының талаптары: 
 
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің операцияларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымына кіретін ұйымдардың операцияларына; 
 
2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан әкелінген және қайта өңдеу шарттары туралы құжат және мемлекеттік бақылау актісі негізінде "кері экспорт" кедендік рәсімімен мәлімделетін шетелдік шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған аффинирленген алтынды әкетуге; 
 
3) Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттің алыс-беріс шикізатын қайта өңдегеннен кейін алынған аффинирленген алтынды сол Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттің аумағына аффинирленген алтынды кейіннен әкете отырып (қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды негізінде) әкетуге; 
 
4) екінші деңгейдегі банктердің шетелдік банкпен жасасқан тиісті шарты негізінде жүзеге асырылатын төлемдік емес және (немесе) айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасын әкетуіне; 
 
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінде айқындалатын өзге де жағдайларға қолданылмайды деп белгіленді". 
 
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
 
Еске сала кетейік, 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы қаулыға қол қойған еді. Аталған қаулыда ҚР Ұлттық банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын; 
 
Ұлттық банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған "ALTYN BARYS" және күмістен жасалған "KUMIS BARYS" инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынған еді.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны