10.06.2025, 12:02 19261

Қазақстанның ірі қалаларында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылды

Қазақстанның ірі қалаларында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежайлар мен қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарлануда.

Туризм және спорт министрінің айтуынша заңсыз такси қызметтері - кең таралған мәселе. Халықаралық әуежайларда QR-код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды сим-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуы қажет.

Сондай-ақ ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынасы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны