07.06.2022, 15:39 8581
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы референдумның қорытындыларын жариялады
Достарға айту
Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 миллион 734 мың 642 адамды құрады. 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бүкілхалықтық дауыс беруге 7 млн. 985 мың 769 адам немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 68,05% қатысты. Осылайша, "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес референдум өтті деп есептеледі", - деді брифингте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Ол Конституцияға енгізілген түзетулерді азаматтардың 77,18% қолдағанын айтты.
Елдің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың 77,18 пайызы немесе 6 миллион 163 мың 516 адам конституциялық түзетулерді жақтап, дауыс берді. Бұл 17 өңірдің әрқайсысында абсолютті көпшілікті құрады. Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың саны 18,66 пайызды немесе дауыс беруге қатысқандардың 1 миллион 490 мың 470 адамын құрады", - деді Нұрлан Әбдіров.
Осылайша, оның айтуынша, "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31, 34-баптары негізінде елдің Негізгі Заңына ұсынылған өзгерістер қабылданды деп есептеледі.
Референдум қабылдаған шешімнің міндетті күші болады және актілермен қосымша растауды талап етпейді", - деді Ортсайлауком басшысы.
Референдумда қабылданған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар референдумның қорытындылары туралы ресми хабар жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Ол атап өткендей, жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,58% немесе 125 мың 859 бюллетеньді құрады. Өзге бюллетеньдер, яғни белгіленбеген үлгідегі не дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады. Мұндай бюллетеньдердің саны 2,58% немесе 205 мың 924 бюллетеньді құрады.
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы қорытынды шығару кезінде Алматы қаласы аумақтық комиссиясының өтінішін назарға алды. Аумақтық комиссия ұсынған материалдардың негізінде, "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 21, 31-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы әкімшілік-аумақтық бірліктің жекелеген учаскесінде референдум өткізуді жарамсыз деп таниды. Осыған байланысты Алматы қаласының №2 учаскесіндегі дауыс беру нәтижелері референдумның түпкілікті қорытындыларына енгізілмеді", - деді Нұрлан Әбдіров.
5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтті. Оның барысын 25 елдің 272 өкілі мен 11 халықаралық ұйым бақылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.11.2023, 17:00 11256
Қазақстан мен Түркіменстан көлік саласындағы өзара байланыс туралы Меморандумға қол қойды
Достарға айту
26-27 қараша күндері Ашхабад қаласында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев және Түркіменстан Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникация агенттігі бас директорының орынбасары Батыр Аннаевтың тең төрағалығымен көлік, транзит және логистиканы дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан-Түркіменстан бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жұмыс тобының отырысы шеңберінде көлік, транзит және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Түрікменстан Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникациялар агенттігі арасында көлік саласындағы өзара байланыс туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум екі ел арасындағы теміржол және теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, қолайлы тарифтік жағдайлар жасау, инфрақұрылымды дамытуды үндестіру, өзара ақпаратпен алмасу үшін цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде бірлескен шаралар қабылдауды қоса алғанда, екі елдің аумақтары бойынша тасымалдау көлемін арттыру мәселелері қамтылатын болады.
Сонымен қатар жұмыс тобының отырысы барысында тараптар "Қытай - Қазақстан - Түрікменстан - Иран" дәлізін бірлесіп дамыту туралы уағдаласты. Екі тарап сонымен бірге "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі транзиттік және экспорттық жүктер ағымының маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Айта кетерлігі, жалпы осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аталған дәліз бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 15%-ға ұлғайып, 1,7 млн тоннаны құрады.
Күн тәртібіне сәйкес тараптармен теміржол қатынасы саласында икемді бәсекеге қабілетті тарифтік саясатты қалыптастыру мәселесі көтеріп, бұл бағытта атқарылған жұмыстың оң нәтижелері сөз болды. Кездесу соңында екі ел арасындағы көлік, транзит және логистика саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Ашхабад қаласына жұмыс сапары аясында көлік вице-министрі Т.Ластаев көлік саласына қатысты өзекті мәселелер қозғалған халықаралық конференция мен көлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тиісті көрмеге қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 15:16 13366
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді
Сурет: russian.news.cn
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министірінің баспасөз қызметінен.
Аталған мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.
Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді.
Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.
Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.
Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 12:49 15946
Қазақстанның батысында энергия желілері жаңғыртылды
Достарға айту
Атырау облысында Қазақстанның Батыс аймағының электр желілерін нығайту мақсатында салынған жаңа электр желілері іске қосылды. Ресми қосу рәсіміне телекөпір арқылы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Желінің өткізу қабілетін арттыру және Қазақстанның Батыс аймағындағы тұтынушыларды тұрақты энергия қуатымен қамтамасыз ету мақсатында "KEGOC" АҚ "Батыс Қазақстан энергетикалық торабы - Атырау - Маңғыстау" бағыты бойынша жалпы ұзындығы 780 шақырымға жуық 220 кВ бес электр беру желісін салды. Жұмыс барысында 4,2 мыңнан астам электр бағаналары орнатылып, "Уральская", "Правобережная", "Индер", "Құлсары", "Теңіз" қосалқы станцияларын кеңейту қамтамасыз етілді, сондай-ақ "Қарабатан" жаңа таратушы қосалқы станциясы іске қосылды.
Жобаны іске асыру нәтижесінде электр желісінің қуаттылығы айтарлықтай ұлғайтылды: "Батыс Қазақстан энергетикалық торабы - Атырау" учаскесінде 100 МВт-тан 200 МВт-қа дейін; "Атырау - Маңғыстау" учаскесінде 50 МВт-тан 200 МВт-қа дейін. Нәтижесінде Батыс аймақ желісінің сенімділігі екі есеге артып, апат ықтималдығы төмендеді.
Жобаны іске асыру нәтижесінде электр желісінің қуаттылығы айтарлықтай ұлғайтылды: "Батыс Қазақстан энергетикалық торабы - Атырау" учаскесінде 100 МВт-тан 200 МВт-қа дейін; "Атырау - Маңғыстау" учаскесінде 50 МВт-тан 200 МВт-қа дейін. Нәтижесінде Батыс аймақ желісінің сенімділігі екі есеге артып, апат ықтималдығы төмендеді.
KEGOC" АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов құрылыс жұмыстары кезінде қолданылған заманауи электр желісі жабдықтары жоғары өнімділігімен ерекшеленетінін атап өтті.
"Индер’’ қосалқы станциясында орнатылған басқарылатын қосымша реакторлар кернеуді ауыстырмастан тұрақтандыратын бірегей кешен болып табылады. Ол сондай-ақ белсенді және реактивті қуат ағынын жылдам басқаруға мүмкіндік беретін ұзақ электр беру желілері мен тарату желілерінің ысыраптарын азайтып, жұмысының сенімділігін арттырады", - деді Нәби Айтжанов.
Құрылыс жұмыстарына отандық металл және темірбетон тіректері, сымдар, оқшаулағыштар мен трансформаторлар пайдаланылды. Қазақстандық қамту үлесі шамамен 70%-ды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 17:14 30131
Өңірлерде қысқа қажетті мал азығының 99%-ы дайындалды
13 өңірде мал азығын субсидиялау үшін тауар өндірушілерге барлығы 27,6 млрд теңге бағытталды
Достарға айту
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте жем-шөп дайындау науқанының қорытындысы айтылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Өңірлерде барлығы 24,7 млн тонна жем-шөп дайындалды. Бұл малды қыстан шығаруға қажетті мал азығы көлемінің 98,9%-ын құрайды. Жем-шөп қорының құрамына 1,5 млн тонна шөп, 1,9 млн тонна сүрлем, 4,5 млн тонна сабан, 4,9 млн тонна құнарлы жем кіреді. Биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан мұндай нәтижелерге жедел штабтың уақтылы әрекет етуінің және мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қол жеткізілді.
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ желісі бойынша фермерлерге арзандатылған бағамен астық сатуға арналған 235 мың тонна көлемінде жем-шөп қоры қалыптастырылды. Жемшөп дайындау үшін қосымша 58 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. "ҚазАгроҚаржы" АҚ жем-шөп дайындау техникасының жеңілдікті лизингін қаржыландыру үшін 10 жылға 6%-бен 20 млрд теңге бөлді. Бұл бағдарлама бойынша 6,9 млрд теңге игерілді, бұл 35%-ды құрайды", - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин.
Бәйтерек" ҰБХ" АҚ желісі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер несиелерінің мерзімін ұзарту және қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазірдің өзінде 23,5 млрд теңгеге 574 өтінім мақұлданды, 16 млрд теңгенің 224 өтінімі қаралуда. Сонымен қатар Маңғыстау облысының малшылары үшін теміржол көлігімен мал азығын тасымалдау тарифтері 80%-ға төмендетілді.
13 өңірде мал азығын субсидиялау үшін тауар өндірушілерге барлығы 27,6 млрд теңге бағытталды, оның ішінде жедел штабтың ұсынысы бойынша 12,9 млрд теңге қосымша бөлінді", - деп атап өтті А.Бердалин.
Осылайша, қабылданған шаралар қысқа қажетті мал азығы қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. СҚО, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстарында пішен мен құнарлы жемнің жетіспеушілігі байқалады. Жиын қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин барлық өңірлерде қажетті мал азығы көлемін дайындауды қамтамасыз етуді және оларды мал қыстайтын орындарға жеткізуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 17:12 35851
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы мен Того Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, шақыруын қабыл алып, елімізге ресми сапармен келгені үшін Президент Гнассингбеге ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, Того Президентінің сапары екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға жол ашады. Құрлықаралық байланыстың жоғары деңгейде екенін білдіреді.
Африка елдерімен ынтымақтастықты нығайту – Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттың бірі. Біздің мемлекеттеріміз бір-бірінен алыста жатыр. Соған қарамастан, біз Тогомен тығыз қарым-қатынас жасауға дайынбыз. Бұл елдің өзара тиімді ықпалдастық орнатуға ұмтылысын толық қолдаймыз. Келесі жылы Қазақстан мен Того арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 10 жыл толады. Осы кезеңде достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық нығая түсті. Қазір оны тың қарқынмен дамыта түсуге мол мүмкіндік бар. Жаңа ғана осы мәселені талқылап, маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Мұның бәрі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да саладағы байланысты жандандыруға ықпал етеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Того Президентімен ауыл шаруашылығы, жаңа технология, қазба байлықтарды бірлесе игеру, өндіріс және инвестиция салалары бойынша да келіссөз жүргізгенін айтты.
Екі ел үкіметтеріне тауар айналымын арттыру үшін нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма беруге келістік. Әсіресе, Қазақстанның Тогоға дәнді дақылды экспорттау мүмкіндігі зор екеніне назар аудардық. Еліміздің бастамасымен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы құрылғанын білесіздер. Мен Тогоны осы ұйымға мүше болуға, оның әлеуетін пайдалануға шақырдым", – деді Президент.
Мемлекет басшысы табиғи ресурстарға бай Қазақстан мен Того елдері темір, фосфат, боксит және басқа да сирек кездесетін минерал кеніштерін барлау, өндіру және игеру үшін бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігіне ие екеніне назар аударды.
Мен Қазақстан кәсіпкерлері Тогоның тау-кен өндірісін зерттеуге дайын екенін атап өттім. Сонымен қатар екі елдің көлік-логистика саласындағы әріптестігі жан-жақты талқыланды. Қазақстанға Ломе портының әлеуетін қарастыру бойынша ұсыныс айтылды. Бұл теңіз айлағы қызмет ауқымы бойынша Батыс Африкада екінші орын алады. Біз өзара тиімді әріптестікті дамытуға барынша күш салуымыз керек. Сондықтан Того кәсіпкерлерін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырдым. Олар форумда Қазақстанның экономикалық әлеуетімен таныса алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бөлек, Президент Астана мен Ломе арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық орнату маңызды екеніне тоқталды.
Бұл екі халықтың бір-бірін жақын тануына мүмкіндік береді. Осы ретте Того жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсындым. Бүгінгі қатынастарымызға тың серпін беру үшін елдеріміздің Құрметті консулдарын бекітуге келістік. Бұл келісімдер ынтымақтастықты нығайта түсері сөзсіз", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің халықаралық және аймақтық деңгейде тығыз қатынас орнатқанын және көптеген өзекті мәселеге қатысты ұстанымдары ұқсайтынын атап өтті.
Әсіресе, жаһандық және өңірлік құрылымдар аясында ықпалдастығымыз ойдағыдай дамып келеді. Қазіргі геосаяси жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Африка Одағы сияқты құрылымдар арқылы өзара қолдау көрсету және консультациялар өткізу аса маңызды", – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президенттер жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері туралы пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Фор Гнассингбенің елімізге сапары, шын мәнінде тарихи маңызға ие екенін және екі елдің қарым-қатынасын кеңейтуге тың серпін беретінін жеткізді. Сондай-ақ Орталық Азия мен Африка арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты.
Өз кезегінде Фор Гнассингбе Тогоның Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ерекше көңіл бөліп отырғанын және стратегиялық серіктестікті өңіраралық қана емес, құрлық деңгейінде де дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
300 миллионнан астам халқы бар Батыс Африка елдерімен тауар айналымын жолға қойған Того қазақстандық инвесторлардың қызығушылығын туғызады деп ойлаймын. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығымыз дамып келе жатқаны қуантады. Бүгінде сіздің елдің Тогоға астық жеткізу мүмкіндігі мол. Қазақстан цифрландыру саласында айтарлықтай жетістікке жетіп отыр. Біз де өз елімізде цифрландыру жобаларын іске асырып, осы бағыттағы ынтымақтастықты жолға қоюға ниеттіміз. Бұл тұрғыдан сіздерден үйренеріміз көп", – деді Того Президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 17:08 30456
Малайзия Алматы мен Лангкави арасында тікелей рейсті қайта іске қосу жөнінде ұсыныс білдірді
Бүгінде Қазақстан Малайзияның Орталық Азиядағы ең үлкен сауда серіктесі
Достарға айту
Бүгін Мәжілісте Қазақстан-Малайзия парламентаралық достық топтарының мүшелері кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен.
Онлайн форматтағы кездесуге депутаттар - Еділ Жаңбыршин, Ермұрат Бапи, Наурыз Сайлаубай, Ислам Сұңқар қатысты.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Малайзия арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылы 16 наурызда орнады. Парламенттегі Малайзиямен достық тобының жетекшісі Еділ Жаңбыршин осы уақыт аралығында екі елдің толайым табысқа жеткенін айтты.
Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз - Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру. Президентіміздің бастамасымен жаңа экономикалық саясат жүргізу арқылы 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың өсімін екі есе ұлғайтуды көздеп отырмыз. Осы салаларды дамыту Малайзиямен ынтымақтастығымызды кеңейтуге жол ашады деп сенемін. Мемлекеттеріміздің саяси және экономикалық серіктестігі парламентаралық байланысымызды тереңдетуге де септігін тигізетіні сөзсіз", - деді Е.Жаңбыршин.
Малайзия Парламенті Өкілдер Палатасының Қауіпсіздік комитетінің мүшесі Саид Ибрахим Бин Саид Нох бүгінде Қазақстан Малайзияның Орталық Азиядағы ең үлкен сауда серіктесі екенін атап өтті.
2022 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің сауда айналымы 130 млн АҚШ долларын құрады. Ол алдыңғы жылдармен салыстырғанда 31 пайызға өсті. Малайзиядан Қазақстанға негізінен электронды құрылғылар мен пальма майы, ал Қазақстаннан химиялық заттар тасымалданады. Өздеріңіз айтып кеткендей, Қазақстан ынтымақтастықты ІТ саласында да дамытқысы келеді. Малайзия тарапы да дәл осы мәселені жоспарлап отыр", - деді Саид Ибрахим Бин Саид Нох.
Оның айтуынша, 2019 жылға дейін Алматы мен Лангкави арасында тікелей рейс болған. Ол 2020 жылы пандемия кезінде жұмысын тоқтатқан. Малайзия тарапы осы рейсті қайта іске қосу жөнінде ұсыныс білдірді.
Сондай-ақ қазақстандық студенттерді білім алуға өз елдеріне шақырды. Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап достық топтары аясында ІТ, цифрландыру, климатқа қарсы күрес, жасыл экономиканы ілгерілету, кибер-қылмысқа қарсы күрес және т.б. мәселелер бойынша заң шығарудағы тәжірибемен алмасуға келісті. Мәжілістің Баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 17:04 30651
Елімізде ақылы жолдар көбейеді
Қазір 3 мың 200 шақырымда ақылы жүйе енгізілген
Достарға айту
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында елдегі ақылы жолдар желісін кеңейту жоспарына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің сөзінше, жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет. Осы орайда ол республикалық бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында ақылы жолдардың көлемін кезең кезеңімен енгізіп жатырмыз деді.
Қазір 3 мың 200 шақырымда ақылы жүйе енгізілген. 11 айдың қорытындысы бойынша 26 млрд 500 млн теңге қаражат түсті. Келесі жылы қосымша 1 мың 200 шақырымға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы 2029 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына қарай, мұндай жолдардың көлемі 11 мың шақырымға жеткізіледі",- деп хабарлайды Марат Қарабаев.
Бұл ретте оның сөзінше, Қазақстандағы ақылы жолдар тарифтері, жақын және алыс шет елдермен салыстырғанда ең төмен.
Кейінгі уақытта транзиттік ағынның өсуіне байланысты, жөнделген жолдарды нормативтік жағдайда сақтау үшін, жол ақысын қайта қарау бойынша жоспарлы жұмыс істеліп жатыр. Ақылы жүйе бірінші кезекте транзиттік көлік құралдарынан қаражат жинауға бағытталғанын ескере отырып, отандық тасымалдаушылар үшін ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем көзделген", - деді Көлік министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 16:57 30831
Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары қоғам талқылауына ұсынылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елордалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы "Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары туралы" жобасын Ашық НҚА порталына орналастырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары туралы" жоба ресми интернет-ресурста және "Ашық НҚА" интернет-порталына орналастырылды.
Елорда тұрғындары құжатты талқылау ісіне қатысуға шақырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.11.2023, 12:49Қазақстанның батысында энергия желілері жаңғыртылды 29.11.2023, 15:16 13041Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді29.11.2023, 17:00 10931Қазақстан мен Түркіменстан көлік саласындағы өзара байланыс туралы Меморандумға қол қойды29.11.2023, 15:08 6991Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр29.11.2023, 16:25 6291Қазақстанда желтоқсандағы мерекеге орай қосымша пойыздар жүреді
23.11.2023, 17:05 911912024 жылы "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады24.11.2023, 18:37 87481Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтуда24.11.2023, 18:30 86041Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде23.11.2023, 16:56 84541Маңғыстауда прокурорлар инвесторлардың жолындағы кедергілерді жойды24.11.2023, 18:25 75826Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады
02.11.2023, 18:58 203941Қазақстан Үкіметі "Газпроммен" стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасады02.11.2023, 16:46 189246Қазақстан Мажарстанға құны шамамен 700 миллион доллар болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады - Тоқаев01.11.2023, 10:58 186241Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсті03.11.2023, 20:35 154471Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті03.11.2023, 16:25 144866Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммиті өтті