05.01.2022, 08:12 951

Қазақстанның жаңа Мемлекеттік хатшысы тағайындалды

Қазақстанның жаңа Мемлекеттік хатшысы тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАҢТАР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын", - делінген Жарлық мәтінінде.

 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымынан босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны