12.09.2022, 14:33 15761

"Азаматтарға арналған үкімет" SMS арқылы 45 мемлекеттік қызмет бойынша нәтижелерді алу үшін жаңа сервисті іске қосты

Жұмысқа рұқсат, спорттық атақ және жәрдемақы тағайындау SMS арқылы алуға болады.
"Азаматтарға арналған үкімет" SMS арқылы 45 мемлекеттік қызмет бойынша нәтижелерді алу үшін жаңа сервисті іске қосты
Сурет: Азаматтарға арналған үкімет
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚЫРКҮЙЕК - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы SMS-хабарлама арқылы 45 мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы хабарлайтын жаңа сервисті іске қосты. Енді клиенттер қызметтің нәтижесін білу үшін ХҚО-ға екінші рет бармайтын болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды", - деп нақтылады корпорацияда.

 
Тізімге енген мемлекеттік қызметтердің арасында бала тууы және оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау, баланы мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою, асыраушысынан айырылған жағдайдағы жәрдемақы тағайындау, еңбек мигранттары рұқсатын рәсімдеу немесе ұзарту және спорттық атақтар беру сынды мемлекеттік қызметтер бар.
 

Бұрын клиент осындай қызметтер бойынша ХҚО-ға келіп, қызметті ресімдеу үшін өтінім беріп, дайын құжатты алар кезде қолхат алатын. Содан кейін ол қажетті құжатты алу үшін қайтадан келуге мәжбүр болды. Біздің жаңа сервисіміз ХҚО-ға екінші рет бару қажетін жоққа шығарады. Бұл қалай десеңіздер, клиентке сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді, ол арқылы дайын құжатты жүктеуге және қажет болған жағдайда оны басып шығаруға болады. Бұл жүйе клиенттердің уақытын едәуір үнемдейтіні сөзсіз", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Қанат Дыбыспаев. 

 
Жаңа сервис бойынша қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізімімен толығырақ мемлекеттік корпорацияның ресми сайтынан танысуға болады.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы ХҚКО-ларында жылдам қызмет көрсету аймақтары ашылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны