17.01.2023, 14:31 12921

БАӘ-де Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті

БАӘ-де Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті
Сурет: telegram/Aqorda
Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылды

Абу Даби. 17 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі Біріккен Араб Әмірліктері Президентінің "Әл-Уатан" сарайының алдында өтті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстанның әнұраны орындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Президенттер екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
 
Бұған дейін Тоқаев Abu Dhabi Ports Group компаниясының Каспий теңізіндегі теңіз және порт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жоспарын құптағаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны