02.02.2023, 15:06 41426

Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80%-ын қамтиды

Биыл күзге қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың "цифрлық егізін" құруды бастау жоспарлануда
Алматы. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80%-ын қамтиды. Бұл туралы Digital Almaty форумы барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Қабылданған қаланы дамыту бағдарламасындағы 7 негізгі басымдықтың бірі "Алматы - Смарт-сити" құру болып табылады. Биыл күзге қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың "цифрлық егізін" құруды бастау жоспарлануда. Алматының одан әрі дамуы үшін маңызды жобалар қаланы басқаруды жақсартуға мүмкіндік беретін басқа да жүйелі платформалық шешімдер болып табылады. Бұл қаланың бірыңғай деректер қоймасы, геоаналитиканың бірыңғай платформасы. Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80%-ын қамтиды. Бұл цифрландыруға қатысты цифрландыру емес, ең алдымен, жайлы қалалық орта құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді қала әкімі Ерболат Досаев Digital Almaty 2023 халықаралық форумында.



Ерболат Досаев Алматыда цифрландырудың ену деңгейі Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіштің бірі болып отырғанын атап өтті. Қазір қалада мемлекеттік қызметтердің 96%-ы цифрлық форматта жүргізіледі әрі бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді.


Былтыр шілдеде Алматы алғаш рет Thoughtlab (Нью-Йорк) әлемдік жетекші зерттеу компаниясының нұсқасы бойынша цифрлық даму стратегияларының әзірлігі дәрежесі бойынша Азия қалаларының алғашқы бестігіне кірді. Өткен жылдың қыркүйек айында Алматы Almaty Data Lake - бірыңғай деректер қоймасы жобасымен IEEE Smart Cities Awards Contest халықаралық "Ақылды қалалар" байқауының финалисті атанды", - деп еске салды әкім.


Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 2-3 ақпанда цифрландыру бойынша Digital Almaty V Халықаралық форумы өтуде. Форумда елдегі технопарктердің, халықаралық вендорлардың және венчурлік қорлардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда индустрия 4.0. және Innovation Center индустриялық өнеркәсіптегі инновациялар мен үздік IT әзірлемелер көрсетіледі.

Стартаптар аллеясында FinTech, Smart City, EDtech, GameDev, IoT, 5G, SaaS, Blockcain, Big Data, MedTech, Logistic&Travel және т.б. саладан 100 жаңа жоба ұсынылады.

Бұған қоса, IT саланың жетекші өкілдерінің қатысуымен технологиялық марафон, воркшоп, жоғары оқу орындары мен бос орындар жәрмеңкесі өтеді.


Дәстүр бойынша форум аясында ASTANA HUB BATTLE технологиялық марафоны - үздік IT-стартап үшін сайыс өтеді. Жүлде қоры $18 000. Форум екі күнге жалғасады.

3 ақпанда Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің Үкімет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтеді, оның басты тақырыбы тұрақты цифрлық инфрақұрылымды және телекоммуникациядағы жаңа технологияларды дамыту болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны