28.11.2022, 10:28 16286

Дәдебаев ҚР Президентінің Іс басқарушысы қызметінде қалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады.
Дәдебаев ҚР Президентінің Іс басқарушысы қызметінде қалды
Сурет: А?орда
Астана. 28 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды.
 
Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

 
Бұған дейін Президент ҰҚК, ҚМА және Антикор төрағаларын қайта тағайындаған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны