08.08.2022, 18:31 6371

Екібастұз әкімі қызметінен босатылды

Екібастұз әкімі қызметінен босатылды
Сурет: pavon.kz
ЕКІБАСТҰЗ. 8 ТАМЫЗ - Павлодар облысының әкімі Екібастұз қаласы әкімінің отставкасын қабылдады. 
 
 "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңға сәйкес Екібастұз қаласының әкімі бағынышты қызметкерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға өтініш берді. 
 
Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 8 тамыздан бастап атқарып отырған лауазымынан босатылған. 
 
Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев отставка туралы өтінішін өзінің тікелей бағынысындағы қызметкер - қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі күшіне енген соң берді. 
 
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов отставканы қабылдап, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевты лауазымынан босатты. 
 
Ардақ Қаңтарбаев Екібастұз қаласы әкімінің лауазымында 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеген еді. 
 
Еске сала кетейік, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталған. 
 
Маусым айында Екібастұз қалалық соты Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке және оның қарамағындағы ТКШ бөлімі басшысының орынбасары А.Садықов пен сол бөлімнің бас маманы К.Түсіпбековке қатысты үкім шығарды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны