30.12.2021, 15:08 35671

ИИДМ 2021 жылы жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының қорытындысын шығарды

Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың 10 мың шақырымы құрылыс, реконструкция және жөндеу жұмыстарымен қамтылды.
НҰР-СҰЛТАН. 30 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде автожол жобаларын іске асыру қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың 10 мың шақырымы құрылыс, реконструкция және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның 3,6 мыңы республикалық маңызы бар жолдар: 
 
- Талдықорған - Өскемен
 
- Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – Күрті - Қапшағай
 
- Ақтөбе – Атырау - Астрахань
 
- Қалбатау - Майқапшағай
 
- Үшарал - Достық
 
- Ұзынағаш - Отар
 
- Меркі - Бурылбайтал
 
- Қостанай - Денисовка
 

Құрылыс маусымына жолдардағы жобаларға 200 мыңдай адам және 12 мыңға тарта жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды. Жыл қорытындысында жолдардың сапасын арттыра отырып, I және II санаттағы 2 248 шақырым автожол пайдалануға берілді. Жақын маңдағы 120 елді мекенді қамтыған сенімді көлік қатынасы қамтамасыз етілді. Ірі елді мекендер жанында 6 айналма жолы салынып, көлік және транзиттік тасымалдар көлемі 2,5 есе артты. Бұл ретте жол құрылысындағы қазақстандық қамту 90%-дан асты. Жол бойындағы сервисті дамыту үшін тиісті қызметтерді толық қамтитын 71 кешен іске қосылды. Олар: кемпингтер, мотельдер, жанармай құю стансалары, техникалық қызмет көрсету стансалары, тамақтанатын және сауда орындары және т.б.", - деп нақтылады ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны