09.12.2022, 10:36 32731

Көлгінов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

2019 жылдың маусым айынан бастап ол елорда әкімі қызметін атқарған
Көлгінов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 9 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың маусым айынан бастап Көлгінов елорда әкімі қызметін атқарған. Кеше, 8 желтоқсанда оның орнына Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Жеңіс Қасымбек келді.

2016-2019 жылдары Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі, ал 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі лауазымдарында болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны