07.12.2025, 11:12 43866

Көлік министрлігінде Орталық Азия бағытында астық жүк­­терін тасымалдау мәселелері қаралды

Көлік министрлігінде Орталық Азия бағытында астық жүк­­терін тасымалдау мәселелері қаралды
Сурет: railways.kz
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының және "ҚТЖ" ҰК" АҚ өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріне астық жүктерін тасымалдау мәселелері бойынша жедел кеңес өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттеріне жөнелтілген астық көлемі 5,6 млн тоннаны құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға артты.

Тек қараша айында экспортқа 1,2 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, оның шамамен 0,7 млн тоннасы Орталық Азия елдері бағытына тиесілі.

Аталған бағыттағы өткізу көлемінің артуы Өзбекстан Республикасындағы қабылдау терминалдарының шамадан тыс жүктелуіне алып келгені атап өтілді. Бұл өз кезегінде екі елдің көлік әкімшіліктері арасында жедел және келісілген шаралар қабылдауды талап етеді.

Өзбекстан тарапындағы өткізу және өңдеу мүмкіндіктерін ескере отырып, астық экспортын ұйымдастыруға қатысты нақтыланған шешімдерді әзірлеу мақсатында Өзбекстан теміржолдарымен келісім бойынша 8-9 желтоқсанда Сарыағаш және Ташкент қалаларында бірлескен кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны