24.12.2025, 14:10 316

Әлихан Смайылов Алматыда жүргізілгенмемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындысын жариялады

Әлихан Смайылов Алматыда жүргізілгенмемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындысын жариялады
ҚР Жоғары аудиторлық палатасы төрағасы Әлихан Смайылов Алматы қаласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындысын жариялады. Ол ҚР Мәжілісінде өткен БАҚ-қа арналған брифинг барысында ақпарат берді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы аудит әлі аяқталу кезеңінде екенін атап өтті.

Аудит 15 ұйым мен 1,6 трлн теңге мөлшеріндегі қаражатты қамтиды.

Тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар мен проблемалар анықталды.

Мысалы, Құрылыс басқармасы 2022 жылдан бастап "Жас қанат" шағын ауданында 7 тұрғын үй кешенін салуды аяқтамаған, сондай-ақ 13,3 млрд теңге сомасына пайдалануға берілген 12 тұрғын үй кешені тұрғын үй қорына берілмеген.

Бұған себеп - іргелес аумаққа абаттандыру жүргізілмеген. Абаттандыруды аяқтау бойынша уақытылы шаралар қабылданса, кезекте тұрған шамамен 1,5 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге болар еді", - деді Әлихан Смайылов.


Сонымен қатар Қалалық мобильділі кбасқармасы тасымалдаушыларға субсидия төлеу кезінде көптеген бұзушылықтарға жолберген. Барлығы 2,3 млрд теңге негізсіз төленген.

Алматыэлектротранс" та өз кезегінде 260 млн теңге сомасына жүргізушілердің әкімшілік айыппұлдарын төлеген. Алайда бұл айыппұлдарды төлеуге міндетті емес", - деп атап өтті төраға.


Сондай-ақ аудит кезінде жалпы құны 64 млрд теңгені құрайтын 628 жаңа автобус пайдаланылмай тұрған. Мұның себебі - айыппұл бойынша қалыптасқан берешекке байланысты құжаттарды ұзақ уақыт бойы ресімдеу.

Аудит аяқталғаннан кейін отырыс өтеді. Заңбұзушылықтардың сипатына қарай тиісті лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады", - деп қорытындылады Әлихан Смайылов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны