02.06.2025, 10:30 38506

Ұлытау өңіріндегі ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге қайтарылған активтер қаражаты жұмсалды

Ұлытау өңіріндегі ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге қайтарылған активтер қаражаты жұмсалды
Үкімет Ұлытау облысында су құбыры желілерін тартуға Арнаулы мемлекеттік қордан 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылының №189 разъезіндегі құбыр құрылысына 274 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жаңаарқа ауданындағы Бидайық ауылдық округіне жаңа су құбырын тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 296 млн теңге қарастырылған.

Жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және ауылдық жерлерде инфрақұрылым құруға бағытталған. Барлық жұмыс аяқталғаннан соң Жаңаарқа ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайтын болады.

Елімізде сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік қалалық елді мекендерде 99,4%-ды, ауылдық жерлерде - 97,8%-ды құрайды. Ұлытау облысында ауыз сумен қалалар 100%, ауылдар 97,3% қамтылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны