02.03.2022, 18:00 30666

Мәжіліс депутаттары Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатуға дауыс берді

Мәжіліс депутаттары Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатуға дауыс берді
Сурет: senate.parlam.kz
НҰР-СҰЛТАН. 2 НАУРЫЗ - Мәжіліс депутаттары Дариға Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы келісімге келді.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Конституциясына және Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңға сәйкес өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді", - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.


Депутаттар Назарбаеваның отставкаға кетуін қолдап, дауыс берді.

99-ы қолдап, біреуі қарсы болды. Қаулы қабылданды", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.


Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны