19.03.2023, 22:31 51891

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына алдын ала қатысуы 54,19% құрады

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына алдын ала қатысуы 54,19% құрады
Дауыс берудің алдын ала нәтижелері дүйсенбі күні белгілі болады

Астана. 19 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. 6 521 860 адам дауыс берді. Дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығару дүйсенбі күні, 20 наурызда жоспарланып отыр.

election.gov.kz

Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Қала бойынша сайлауға қатысу:

1. Абай облысы бойынша - 57,02%

2. Ақмола облысы бойынша - 60,01%

3. Ақтөбе облысы бойынша - 58,00%

4. Алматы облысы бойынша - 60,03%

5. Атырау облысы бойынша - 51,23%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша - 59,20%

7. Жамбыл облысы бойынша - 65,21%

8. Жетісу облысы бойынша - 55,32%

9. Қарағанды облысы бойынша - 59,48%

10. Қостанай облысы бойынша - 65,10%

11. Қызылорда облысы бойынша - 67,21%

12. Маңғыстау облысы бойынша - 54,10%

13. Павлодар облысы бойынша - 58,68%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 65,25%

15. Түркістан облысы бойынша - 53,01%

16. Ұлытау облысы бойынша - 58,99%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 64,15%

18. Астана қаласы бойынша - 42,91%

19. Алматы қаласы бойынша - 25,82%

20. Шымкент қаласы бойынша - 45,46%

Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген болатын. Мәжіліс депутаттарын сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарын сайлау өткізіледі.

Айта кету керек, биылдан бастап мәжілісті қалыптастыру тәртібі өзгерді. Осы сайлау науқаны жаңа сайлау ережелері мен нормалары бойынша өткізіледі. Биыл Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде жаңа пропорционалды-мажоритарлық үлгіге көшу, Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою және азаматтардың тікелей дауыс беруі арқылы жоғары ұлттық заң шығарушы орган палаталарының бірін қалыптастыру, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын кәсіби негізге көшіру жүзеге асырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны