07.04.2023, 09:37 47321

Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Ол 2019 жылдың сәуір айынан бастап ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды
Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 7 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - 2019 жылдың сәуір айынан бастап ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарған Әсет Мағауов қызметтен босатылды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген Үкіметтің хабарламасында.

 
Әсет Мағауов 1972 жылы Атырау облысында дүниеге келген.
 
И.М. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын бітірген.
 
Еңбек жолын 1994 жылы "Теңізмұнайгаз" АҚ экономика бөлімінің экономисі қызметінен бастады.
 
ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, "Қазақойл", "Мұнай және газ көлігі", "Теңізшевройл", "ҚазМұнайГаз", "МаңғыстауМұнайГаз" компаниялары құрылымдарында қызмет етті.
 
Сондай-ақ әр жылдары энергетика және минералдық ресурстар (2008-2010 жж.), мұнай және газ (2010-2011 жж.), энергетика (2016-2017 жж.) вице-министрі, "KazEnergy" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ бас директоры болып жұмыс істеді.
 
2019 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, 4 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны