09.12.2025, 12:48 45471

Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады

Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
Сурет: Akorda
Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі, Чех Республикасындағы, Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті елшілер бекітілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, олҚазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Ақан Ақасұлы РахметуллинҚазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің БасшысыРоман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны