25.12.2025, 19:23 2441
Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы оқу кабинеттері мен спорт залын аралап көрді.
Президентке мекемеде 180 бала білім алып, интернатта тұратыны жөнінде баяндалды.
Мектеп жас өскіндерге білім беріп, тегін тамақтандырады әрі тұрғынжаймен қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған.
Білім ошағының негізгі мақсаты - келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру. Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты техника, дронды басқару, жасанды интеллект үйірмелеріне қатысады.
Болашақ әскери қызметшілерге ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.
Іс-шара соңында Мемлекет басшысы білім ошағына Бауыржан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.12.2025, 09:02 1421
2026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі
Достарға айту
2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін, базалық және ынтымақты зейнетақыларды ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттыру көзделген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғарғысын 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда.
Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін артып, 60 005 теңгені құрайды.
Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан 70 жастағы зейнеткердің бюджеттен төленетін зейнетақысының мөлшері 2025 жылы 171 588 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі - 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы - 120 737 теңге. 2026 жылғы 1 қаңтардағы арттыруды ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 192 816 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы - 60 005 теңгені, ынтымақты зейнетақы - 132 811 теңгені құрайды. Аталған сомаларға БЖЗҚ төлемдері кірмейтінін атап өткен жөн.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің ұлғаюына бірнеше мысал:
- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда - 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғаяды;
- мөлшері бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, 10 баласы барларға - 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін ұлғаяды;
- I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге дейін, II топтағыларға - 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге дейін, III топтағыларға - 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін ұлғаяды.
Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) төленетін асыраушысынан айырылу және еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша төлемдер де 10%-ға артады. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Төлемдердің мөлшері жеке дара болып табылады және соңғы 2 жылда МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыруға байланысты болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 13:46 3801
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Премьер-министр еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есеп берді. Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау нәтижесінде ішкі жалпы өнім өсімінің 70 пайыздан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етіп отыр.
2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында көлік қызметі 20,3 пайызға, құрылыс 14,7 пайызға, сауда 8,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 6,1 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға ұлғайған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,5 триллион теңгені құрап, жеке инвестициялардың көлемі 9,8 пайызға өскен.
Мемлекет басшысына макроэкономикалық тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жайында мәлімет берілді. Халықтың нақты табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту арқылы ішкі жалпы өнімнің өсімін қамтамасыз ету негізгі басымдық саналады. Инфляция деңгейін төмендету шаралары қарастырылып жатыр.
Олжас Бектенов желтоқсан айында шекарадағы бес өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары аяқталғанын айтты. Қазақстандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылды. Шағын бизнесті қолдауға арналған "Іскер аймақ" бірыңғай бағдарламасы қабылданды.
Бұдан бөлек, Премьер-министр жылыту маусымы жайында есеп берді. Сондай-ақ 2026 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру ерте басталғанына тоқталды. Бұл шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен экспортқа ден қоя отырып, егіс алқаптарының көлемін сақтауды және оны ұлғайтуды көздейді.
Президент Үкімет басшысына азаматтардың мүддесіне сай еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 20:43 1806
Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа клиниканың кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық араласу арқылы дәрігерлік жәрдемнің толық спектрін көрсете алатыны жөнінде баяндалды.
Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдай алады. Сондай-ақ 47 орындық стационар бар.
Орталыққа құйылған жалпы инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгені құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 16:42 8286
Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 15:36 8536
Мемлекет басшысы "Тараз" шағын индустриалдық аймағын аралап көрді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы индустриаландыру, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, инвестициялық пул туралы мәлімет берілді.
Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған, өсім 33 пайызды құраған. Соңғы екі жылда облыста жалпы құны 242 миллиард теңге болатын 56 инвестициялық жоба іске асырылған.
Мемлекет басшысына облыстағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді. Олардың қатарында "Қазфосфат" серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіру және YONGGANG CENTRAL ASIA IRON and STEEL компаниясы салып жатқан металлургия зауыты жобалары бар.
Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы "ЕвроХим-Қаратау" ауқымды инвестициялық жобасының аралық қорытындысы ұсынылды. Қазір күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауытты іске қосу алдындағы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы өнім ішкі нарыққа жөнелтілді.
Алдағы уақытта пайдалануға берілетін Shengtai Biotech Co.Ltd жүгері өңдеу зауыты жөнінде де баяндалды. Шу ауданындағы бұл жобаға 1,5 миллиард доллар инвестиция салынған. Сонымен бірге Байзақ ауданындағы Zhongkai Kazakhstan International Company қант зауыты құрылысы жайында мәлімет берілді.
Бұдан бөлек, KAZ FMWORLD AGRICULTURAL MACHINERY компаниясының индустриалдық аймақта шығарылатын ауылшаруашылық техникалары көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 13:28 3761
Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары "Әмір және Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кәсіпорын медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар өндіреді.
Президентке медициналық препараттар мен дайын өнім түрлерін шығаратын негізгі цехтың жұмысы көрсетілді.
Әмір және Д" ЖШС-і әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалауға арналған жедел тестілердің көптеген түрін шығарады. Бұл өнімдер В және С гепатитін, ВИЧ-инфекциясын, миокард талмасын, сондай-ақ есірткі және психотропты заттарды анықтай алады.
Кәсіпорынға тиесілі медициналық бұйымдардың 200-ден аса атаулы түрі бар. Бүгінде серіктестікте 94 қызметкер еңбек етеді.
Мемлекет басшысына "Super-pharm" фармацевтикалық компаниясының жұмысы туралы ақпарат берілді.
Бұл - елімізде медициналық бұйымдар өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Зауытта 600-ден аса еңбеккер жұмыс істейді.
Компания отандық нарықтағы бір реттік қолдануға арналған медициналық бұйымдарға сұраныстың 30 пайызын қамтамасыз етеді.
Атап айтқанда, кәсіпорын түрлі операциялар үшін хирургиялық және процедуралық жиынтықтарды, медициналық бетперденің барлық түрін, бірреттік қорғаныш киімін, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдарды өндіреді. Сонымен қатар медициналық шприцтер, инфузионды және қанды қайта құюға арналған система құралдары, басқа да өнімдер дайындалады.
Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 12:18 5911
"Заң мен тәртіп": Олжас Бектенов мереке күндері құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шаралары жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Жиында мереке күндеріндегі қауіпсіздік шаралары, жаңартылған тиісті заңнама нормаларын енгізу, сондай-ақ 2026 жылға арналған жоспар және Президенттің "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайлар министрі - Шыңғыс Әрінов, оқу-ағарту министрі - Жұлдыз Сүлейменова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі - Светлана Жақыпова, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ жиында Түркістан облысы мен Астана қаласы әкімдіктері басшылығының баяндамасы тыңдалды.
Мереке күндері Қазақстанда қоғамдық тәртіпті қорғау және өрт қауіпсіздігін бақылау күшейтіліп, резервтік күштер дайындыққа келтірілді. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха көшелердегі полиция патрульдері тығыздығының артуы және стратегиялық нысандарда, азаматтар көп жиналатын орындарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру туралы баяндады.
Ел өңірлерінде барлығы 1 мыңнан астам бұқаралық іс-шара жоспарланған, олардың басым бөлігі балалардың қатысуымен өтеді. Осыған байланысты Премьер-министр Ішкі істер министрлігіне Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып, жоспарланған іс-шаралардың қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды және тәулік бойы патрульдік және кезекші құрамның жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.
Біздің міндет - іс-шаралар өтетін жерлерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жұмыстарын қамтамасыз ету. Көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстардың профилактикасының тиімді жүйесін құрған жөн. Жағдайды бақылауға алып, оның ішінде бейнекамералар арқылы визуалды бақылау ұйымдастыру қажет. Қажет болған жағдайда оқиғаларға шұғыл әрекет ету шараларын қамтамасыз етіңіздер. Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын нысандарда лаңкестік шабуылдардың алдын алу үшін кешенді профилактикалық шаралар қабылдансын. ІІМ мен ТЖМ-ға күшейтілген режимде жұмыс істеу тәртібіне көшуді тапсырамын", - деп тапсырды Премьер-министр.
Мереке күндері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне де көңіл аударылды. Іс-шаралардың басым бөлігі адамдар көп жиналатын нысандарда, сондай-ақ ойын-сауық және қоғамдық орындарда өтеді. Оның ішінде пиротехникалық өнімдер де қолданылады. Бүгінде айналымнан 700 бірліктен астам және 97 қорап сертификатталмаған пиротехника алынды. Мереке қарсаңында тағы бір мәрте "Құқықтық тәртіп" профилактикалық іс-шараларын өткізу тапсырылды. Оның аясында пиротехникалық өнімдерді сақтау және сату орындарына рейдтер ұйымдастырылатын болады.
Өрт қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге баса назар аударылды. ТЖМ күштерімен адамдар көп жиналатын 7 мыңнан астам нысанға тексеру жүргізілді және өрт қауіпсіздігі бойынша анықталған заңбұзушылықтар жойылды. Жаңа жылдық іс-шаралар өткізілетін орындар тексеріліп, пайдалануға рұқсат берілді. Халықтың әлеуметтік осал санатындағы азаматтар тұратын тұрғын үйлерде өртке қарсы датчиктерді монтаждау жалғасуда. Қазіргі уақытта 36 мыңнан астам қорғаныс құрылғылары орнатылған.
Премьер-министр іс-шаралар өткізілетін нысандардағы қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды. Осы мақсатта нысандарда алдын ала тексеру, қызметкерлерге тиісті нұсқаулар беру, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу қажеттігіне назар аударды. Әсіресе өрт сөндіру құралдары мен гидранттардың жарамдылығын тексеру қажет. Ауа райына қарамастан, адамдар көп жиналатын нысандарға баратын жолдар тәулік бойы ашық болуы керек. ТЖМ мен ІІМ бірлесіп, тиісті шаралар қабылдауы тиіс. Сонымен қатар адамдарды шұғыл эвакуациялау бойынша іс-қимылдарды пысықтап, қажет болса, қосымша оқу-жаттығуларын өткізу қажет.
Мереке күндері қала ішінде де, шығаберіс жолдарында да автомобиль трафигі артуына байланысты автомобиль жолдарында ерекше бақылау орнатылды. Құтқарушылар ауа-райының нашарлауына дайын: автожолдарда жылыту пункттері жабдықталған, арнайы техника мен авиация жедел ден қою режиміне ауыстырылды. ІІМ Көлік министрлігімен бірлесіп, автомобиль жолдарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын, автожолдардың жай-күйін, сондай-ақ жүктемесі үлкен және туристік бағыттарда қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыруды бақылауға алады. Өңірлерде балаларды тасымалдауда міндетті түрде полиция қызметкерлері бірге еріп жүруге тиіс. Әкімдерге бұл мәселені ерекше бақылауға алу тапсырылды.
Қысқы демалыс және жаңа жылдық мереке күндері мектеп жасындағы балалардың бос уақытын қызықты шаралармен толыққанды қамтамасыз ету маңызды. Оқу-ағарту министрлігіне қауіпсіздік шаралары, соның ішінде қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіре отырып, қосымша ата-аналар жиналыстарын өткізу тапсырылды. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мереке күндері қауіпсіздік шаралары туралы халықты кеңінен хабардар етуді ұйымдастыру қажет.
Өңір әкімдіктеріне алдағы мерекелерді қауіпсіз өткізу бойынша кешенді профилактикалық шараларды қабылдауды тапсырамын. Энергетика министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, энергетикалық объектілерде қауіпсіздікті және олардың ақауларсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін. Жылыту және сумен жабдықтау жүйелерінің барлық параметрлерін сақтап, жедел әрекет ету үшін жөндеу бригадаларының кезекшілік кестесін жасау қажет. Жалпы алғанда барлық мемлекеттік органдар мен құрылымдар мереке күндерін сәтті және тыныш өткізу үшін жан-жақты шаралар қабылдауы керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
*****
Жиын барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық, балаларды қараусыз қалдыру және рецидивтік қылмысқа қарсы күрес жөніндегі нормаларды біріктіретін Парламент қабылдаған "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" жаңа бірыңғай заңды жүзеге асыруға назар аударылды.
Жаңа профилактика жүйесі Президент мемлекет пен қоғам жұмысының мызғымас ұстанымдарының бірі ретінде айқындаған "Заң мен Тәртіп" қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңның жаңалықтарының бірі - азаматтар мен жергілікті қоғамдастықты құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына тарту және оларды ынталандыру. Бұл дегеніміз - барлығы профилактиканы жүзеге асырады деген сөз. Мұндай тәжірибе барлық елде тиімді қолданылып келеді. Оны тиімді іске асыру қажет. Сонымен қатар заңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша жаңа тәсілдер қаралған, бұл - қазіргі уақытта өте өзекті мәселе. Жасанды интеллектіні пайдалану құқық бұзушылықтардың профилактиасы бойынша жедел шараларды алдын ала болжауға және әзірлеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Премьер-министр.
Заңда рецидивтік қылмыстың алдын алу жөніндегі нормалар, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдар үшін жалпы құзырет көзделген. Алдын алу тек құқық қорғау органдары үшін ғана емес, бүкіл мемлекеттік аппарат үшін міндет екені атап өтілді. Барлық құрылымдар құқық бұзушылықтардың азаюы үшін жұмыс істеуі керек.
Мемлекеттік органдарға заңды жүзеге асыруға бағытталған барлық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және қабылдауды жеделдету тапсырылды. Әкімдер жергілікті деңгейде құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, азаматтарды құқықтық тәрбиелеуге ерекше назар аударуы тиіс.
Премьер-министр кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың санын азайту мақсатында бірқатар тапсырма берді. Ішкі істер министрлігіне түнгі уақытта патрульдер мен рейдтер жүргізу шеңберінде кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз болу фактілерінің жолын кесу тапсырылды. Өңірлердің әкімдері - әсіресе ішкі істер органдарында есепте тұрған балаларды бос уақытымен қамтуды ұлғайту қажет.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік көмек әлеуметтік тәуелділік пен құқық бұзушылықтың алдын алумен тікелей байланысты екенін айтты. "Бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін 153 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Осы жылдың басынан бері орталық мамандары 76 мың азаматқа 111 мыңнан астам қызмет көрсетті, бұл қиын өмірлік жағдайда отбасыларды кешенді сүйемелдеудің тиімділігін көрсетеді.
Бұдан бөлек, бұрын сотталған адамдар тарапынан қылмыстарға жол бермеу жөніндегі шаралар қаралды. Осылайша, жаңа заң барлық босатылған азаматтар үшін ойын-сауық орындарына баруға және түнгі уақытты өткізуге шектеулер бар әкімшілік қадағалауды енгізеді. Елімізде 2402 төсек-орынға арналған 27 әлеуметтік бейімдеу орталығы бар. Желіні кеңейту, сондай-ақ жұмыс берушілерді азаматтардың осы санатын жұмысқа орналастыруға ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасының цифрлық картасы және FSM Social платформасы арқылы белсенді қызмет көрсету және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жұмыс жүргізуде.
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар өңірлік комиссиялардың жұмысына талдау жүргізді. Әкімдіктерге комиссияның жұмыс тәртібін жаңа тәсілдерді ескере отырып қайта форматтау тапсырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті, көші-қон жағдайын және тағы басқаларды қамтамасыз ету тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелерін қамтитын ведомствоаралық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 10:15 516
Серік Жұманғарин "Аманат" партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Серік Жұманғарин "Аманат" партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Диалог алаңына мемлекеттік орган, бизнес-қоғамдастық пен салалық бірлестік өкілдері кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мәселелерін талқылау үшін бірікті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта мемлекет бизнесті қолдаудың 117 құралын іске асыруда. Оның 76-сы қаржылық, 38-і қаржылық емес, 3-еуі мүліктік қолдау тетіктері. Соңғы бес жылда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері саны 40%-ға артып, 2,3 млн бірлікке жеткен. Осы салада 4,5 млн адам жұмыспен қамтылған.
Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Қанат Ибраев Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жасақтау тетігін жетілдіре түсу мәселесін көтерді. Жүйе әзірге пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Бизнес тарапынан оған қатысты әдіснамалық және техникалық мәселер әлі де бар. Ал Тізілім келесі жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу кезінде қолданылғал отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қаржы министрлігінің өкілдері Тізілімнің тәжірибелік пайдалануға енгізілгенін хабарлады. Қорда бұған дейін "қазақстандық тауар өндіруші" мәртебесі барын растаған, қолданыстағы индустриялық сертификаттардың иелері болып табылатын 1 868 кәсіпорын тіркелген. Олар енді мемлекеттік сатып алуларға қатысу құқығына ие.
Техникалық және әдіснамалық мәселелерді жою бойынша жұмыстарды жүйенің техникалық операторы - "Электрондық қаржы орталығы" жалғастыруда.
Сауда желілері одағының өкілі Эльбеги Әбдиев тұтынушылық кредитті қысқарту шарасы шеңберінде бөлшек сауданың, әсіресе азық-түлікке жатпайтын тауар сегментінде өсу қарқынының баяулағанына назар аударды. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының бағалауынша, сауданың ЖІӨ-дегі үлесінің жоғары болуы және ондағы шағын және микро бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының мол екендігі, сондай-ақ бөлшек саудадағы сұраныстың азаюы кәсіпкерлердің өнімдерін өткізуге тікелей әсер етуі мүмкін.
Серік Жұманғарин бұл сауалға жауап бере келіп, соңғы жылдары тұтынушылық несие берудің артуы корпоративтік кредитке кері әсерін тигізгенін атап өтті. Ал 10 жыл бұрын жағдай керісінше еді. Бұл ретте сауда өзара байланысты салалар мен жұмыспен қамтудағы маңызды драйвер болып қала береді. Мемлекеттің міндеті - тұтынуды төмендетпей, ЖІӨ-нің өсуі есебінен тұтынушылық несиелеу үлесін қысқартып, қалыптасқан жағдайдан ақырындап шығу. Бұл міндеттің шешімі екінші деңгейдегі банктермен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен, Ұлттық банкпен және басқа да реттеушілермен бірлесіп әзірленеді.
Қазақстан фарммединдустрия" фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов шикізат пен субстанциялардан дайын дәрі-дәрмек, медициналық бұйым, қызметке дейінгі тізбектің барлық кезеңінде денсаулық сақтау саласына бірыңғай 5% ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді ұсынды. Ол 2026 жылдан бастап медициналық өнімге салық салу жүйесі көп деңгейлі және күрделі болатынын атап өтті:
- шикізат пен жабдық - 16% ҚҚС;
- ТМККК және МӘМС аясындағы дәрі-дәрмек - 0%;
- дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар импорты және өткізу - 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.
Саладағы мұндай үлгі отандық препараттардың әкімшілік шығыны мен құнын арттырады. 5% ҚҚС бірыңғай мөлшерлемесі әкімшілендіруді жеңілдетуге, тең бәсекелестік жағдайына және бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін енгізудің алғашқы нәтижесі белгілі болған соң, 2026 жылғы екінші жартыжылдықта бұл мәселені қайта қарауды ұсынды.
Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары тізбесін кеңейту, оның шағын және бөлшек бизнес қызметіне, сондай-ақ импорттық өнім бағасына әсерін талқылады. Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті бизнестің бірқатар ұсынысын ескергені атап өтілді. Олар - логистика мен сақтауға жұмсалатын шығыстар шегерімге енгізіліп, ӘМАТ-тағы жаңа позициялар тізбесі қысқартылды. Мал шаруашылығын дамыту, мұнай сервистік компанияларда жұмыспен қамту, өңдеу өнеркәсібіндегі тариф белгілеуде сараланған тәсіл енгізу мүмкіндігі өз алдына бөлек қарастырылды.
Отырыс қорытындысында Үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайтыны туралы шешім қабылданды. Барлық айтылған ұсыныс, проблемалық мәселе түйінделіп, мүдделі мемлекеттік органдардың, "Аманат" партиясы мен "Атамекен" ҰКП-ның қатысуымен одан әрі пысықтауға Үкіметтің бақылауына алынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.12.2025, 10:57Словениядағы Ақпараттық ғылымдар институты (IZUM) Қазақстанмен цифрлық саладағы өзара іс-қимылды нығайтуда 29.12.2025, 11:12 6486Қазақстан АЭХА-мен техникалық ынтымақтастықты нығайтуда29.12.2025, 09:02 64112026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі29.12.2025, 12:02 4281Қазақстан мен Солтүстік Македония білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда29.12.2025, 13:22 1546Ереванда Қазақстан мен Армения арасында туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды
23.12.2025, 20:50 102266Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады22.12.2025, 18:58 87351Huawei Қазақстанда ICT академиялары үшін марапаттау рәсімін өткізді23.12.2025, 21:59 82021Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті22.12.2025, 21:24 80641Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды23.12.2025, 19:29 76781Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
17.12.2025, 17:47 231306Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227066Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225341Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222326Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213316Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

