24.12.2025, 13:35 1051

Мемлекет басшысы Tausogar зауытында болды

Мемлекет басшысы Tausogar зауытында болды
Сурет: Akorda
Елорда нысандарын аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

№1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.

Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары мен эскалаторлар өндірісімен танысты.

Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады.

Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны