22.12.2025, 20:21 1541

Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды

Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, консультативтік-кеңесші орган - Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылғанын хабарлайды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.

Бұл шешім Қазақстан Республикасының 2025-2027 жылдардағы макроэкономика саясатын барынша теңгерімді ету мен мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар Кешенін жүзеге асыру аясында қабылданды.

Кеңес қызметі мемлекеттік қарыз алу құнын төмендету үшін мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының тереңдігін, өтімділігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор мен корпоративтік эмитенттер нарығының бенчмарк көрсеткіштерін қалыптастыруға бағытталған шаралар әзірлеуге бағытталған.

Кеңестің негізгі міндеттері - макроэкономикалық ахуал мен қарыз тұрақтылығын ескере отырып, мемлекет қарызын басқару, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту, сондай-ақ оларды ішкі және сыртқы нарықта орналастыру саясаты бойынша жан-жақты сараланған шешімдер қабылдау.

Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңестің құрылуы Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің фискалдық және ақша-кредит саясатын жемісті үйлестіруге, сондай-ақ ішкі бағалы қағаздар нарығын дамытуға басымдық беруге бейіл екенін көрсетеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың тиімді әрі өтімді нарығын дамыту мемлекеттік қаржыны орнықтылығын нығайтудың, кірістілік бойынша нарық бағдарларын қалыптастырудың, сондай-ақ елдің қор нарығын одан әрі дамытудың алғышарты саналады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны