30.01.2023, 15:39 32196

Нұркенов Астана әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Нұркенов Астана әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Нұрлан Нұркенов 2019 жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді

Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Астана әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен әкімнің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Нұркенов жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, қалалық ортаның сапасын бақылау, кешенді абаттандыру, санитарлық тазалау және т.б. мәселелер бойынша жетекшілік етеді", - деді баспасөз қызметінде.


Сондай-ақ, Нұрлан Нұркенов 2019 жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келетіні атап өтілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны