08.07.2022, 15:57 29526

ҚНРДА Орталық банктердің Еуразиялық кеңесі туралы келісімге қосылды

Банк секторының 2022 жылға арналған даму перспективалары, Келісімге қатысушы мемлекеттердің қаржы нарығын дамытудың негізгі бағыттары талқыланды.
ДИЛИЖАН. 8 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Орталық (ұлттық) банктердің Еуразиялық кеңесі туралы келісімге қосылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚНРДА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
46-шы отырыс шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары О.Т. Қизатов 2015 жылғы 18 қарашадағы Орталық (ұлттық) банктердің Еуразиялық кеңесі туралы келісімге Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қосылуы туралы хаттамаға қол қойды.
 
Іс-шара барысында банк секторының 2021 жылғы жұмыс нәтижелері және 2022 жылға арналған даму перспективалары, Келісімге қатысушы мемлекеттердің қаржы нарығын дамытудың негізгі бағыттары, Келісімге қатысушы мемлекеттер арасында өткізілетін тауарлар мен қызметтер айналымына байланысты валюталық төлемдер мәселелері талқыланды. 
 

Сондай-ақ, Ақша белгілерін шығару, нумизматикалық нарықты дамыту, жалған ақша жасауға қарсы күрес мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің есебі және Орталық (ұлттық) банктердің қызметкерлерін кәсіби оқыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің жыл сайынғы кәсіби оқыту бағдарламасының орындалуы туралы есебі тыңдалды", - деді ҚНРДА баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны