15.02.2022, 16:42 23476

Қошанов Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды

Қошанов Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды
Сурет: ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі
НҰР-СҰЛТАН. 15 АҚПАН - Қазақстан Республикасы Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов Парламент палатасындағы Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мәжіліс Спикерінің кандидатурасын Вице-спикер Павел Казанцев ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады. 
 
Өз кезегінде Палата Спикері депутаттарға фракция жетекшісі ретінде қолдағандары үшін алғыс білдірді. Ерлан Қошанов фракция жұмысын жаңа деңгейге көтеретінін айтып, Мемлекет басшысы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 28 қаңтарындағы "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI съезінде фракция жұмысын қайта бастау туралы тапсырмасына ерекше назар аударды.
 

Фракция басшысы өз сөзінде партия Төрағасының қойған жеті басым бағытын және оған түбегейлі реформа жасап, қайта құру қажеттігіне назар аударды. Мәжіліс Төрағасы ағымдағы жылдың ақпан айында депутаттардың өңірлерге шығуына байланысты фракция мүшелеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді", - деді Парламент палатасының баспасөз қызметінде.

 
Отырыс барысында жаңа міндеттерді ескере отырып, мәжілісмендер фракцияның сапалық құрамына өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров фракция төрағасының орынбасары және президиум мүшесі, ал Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсенбаев пен Екатерина Смышляева фракция төралқасының мүшесі болып сайланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны