23.09.2025, 14:06 190756

Олжас Бектенов тапсырмалардың орындалу барысын тыңдап, Орал, Степногорск, Аягөз және Сәтбаев қалаларына тоқталды

Олжас Бектенов тапсырмалардың орындалу барысын тыңдап, Орал, Степногорск, Аягөз және Сәтбаев қалаларына тоқталды
Сурет: Depositphotos
Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Премьер-министр Олжас Бектеновке аптадағы жағдай және бұрын берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Жылыту маусымына дайындық - соңғы сатысында. Өткен аптада 1 қазандық пен 3 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 10 қосалқы станса мен 100 тарату пункті жөнделді, 13 шақырым жылу желілері қайта жаңартылды. Жалпы, 6 энергоблок, 29 қазандық және 16 турбинаға және 293 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бірқатар өңірде жұмыстар әлі аяқталмаған. Кейбір облыстарда санаулы күннен кейін жылыту маусымы басталады, ғсондықтан, әкімдерге жөндеу жұмыстарының аяқталуын жеке бақылауға алуды тапсырамын. Орал, Степногорск, Аягөз және Сәтбаев қалаларында жылу беру мәселесін ерекше назарда ұстаңыздар", - деп тапсырды Премьер-министр.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны