Система Orphus

ОСК-да референдумға арналған 16 млрд теңгеден астам бюджет туралы айтылды

17.05.2022, 17:09 14476
ОСК-да референдумға арналған 16 млрд теңгеден астам бюджет туралы айтылды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 17 МАМЫР - Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина референдумға бөлінген қаржының қалай және қайда жұмсалатыны айтты.
 

Референдум шығыстарының 79 пайызы комиссия мүшелерінің жалақасын төлеуге бағытталады. Не себепті бұл бағытқа қомақты қаражат қарастырылған? Бұл көлем Президент, Мәжіліс сайлаулары сияқты ауқымды науқанды өткізу кезінде жұмсалған қаражат сомасының деңгейінде. Аталған 79 пайыз учаскелік және аумақтық комиссиялардың 71 мыңға жуық мүшесінің жалақысын қамтамасыз етуге бөлінеді. Еңбекақыны төлеу деңгейінде ел бойынша орташа жалақы көрсеткіші ескерілген", - деді С. Мұстафина ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында.

 
Осы орайда ол референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16,4 млрд теңге қарастырылғанын еске салды.
 

Жалақы төлемі жұмыс істеген уақытқа сай жүргізіледі. Комиссия мүшелерінің барлығы бірдей деңгейде жұмыс істемейтіні түсінікті. Комиссия мүшелерінің көбісі өздерінің негізгі кәсіби қызметін атқарып, комиссияларда тек бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді. Олардың жұмысқа шығатын арнайы табелі жүргізіледі", - деді С. Мұстафина.

 
Атап айтқанда, бөлінетін қаражаттың 21 пайызы дауыс беру учаскелерінің метариалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, Орталық референдум комиссиясы мен учаскелік әрі аумақтық комиссиясының жұмысына, баспа өнімдерін даярлауға, ақпараттық сүйемелдеуге, сондай-ақ ел аумағында арнайы билбордтарды орналастыруға арналған.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны