19.11.2023, 19:51 44196

Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды

Анасы болған істі мойындады
Павлодар облысында жоғалған 7 жасар қыздың мәйіті табылды, анасы болған істі мойындады, деп хабарлайды Kazinform.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де болған оқиғаны растады.

Өкінішке қарай, қыздың денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Оқиғаның мән-жайын полициядан біле аласыздар",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Павлодарлық құтқарушылар сонымен қатар қыздың анасының істеген әрекетін мойындағанын жеткізді.

Айта кетейік, Милана 17-қараша күні Екібастұздан 50 км жердегі Бесқауға ауылында жоғалып кетті. Осы күні кешкісін сағат 9:00-дер шамасында қыздың анасы полицияға шағым түсірді. Милананы екі тәулік бойы 400 адам іздеді. Тіпті іздеу жұмыстарына тікұшақ пен кинологтар да жұмылдырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны