27.05.2024, 13:16 58356

Ақмола облысында темір жолда тұз қышқылы төгілді

Ақмола облысында темір жолда тұз қышқылы төгілді
Ақмола облысында темір жолда тұз қышқылы төгілді, деп хабарлайды 24KZ.

Оқыс оқиға Аршалы ауданының Сарыоба стансысында болған. Зиянды зат жүк цистерналардың біріндегі жарықтан аққан. Оқиға орнында облыстық және аудандық штаб құрылды. Қауіпті жүгі бар цистерна негізгі құрамнан ажыратылды. Құтқарушылар төгілген тұз қышқылын жойды.

3 адам эвакуацияланды. Ақмола облысы және Астана қаласы Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары зиянды заттың ағуын тоқтатты. Қазіргі уақытта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны