27.05.2024, 14:03 58261

Алматы облысындағы Шарын каньонының маңында туристер мінген автобус аударылды

Алматы облысындағы Шарын каньонының маңында туристер мінген автобус аударылды
2024 жылдың 27 мамырында сағат 10:20-да Алматы облысы, Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобуспен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.

Алдын ала ақпарат бойынша, автобус "Қазавтожол" желісіне жататын күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты.

Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді.

Орын алған жол апаты бойынша адам шығыны тіркелмеген.

Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр.

Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны