15.03.2022, 18:40 8676

Премьер-Министр мен Президенттің тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік қызметкерлерге жаза күшейтіледі

Премьер-Министр мен Президенттің тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік қызметкерлерге жаза күшейтіледі
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 15 НАУРЫЗ - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Осылайша, лауазымды адамдардың жазаларды формальды түрде алу жөніндегі жауапкершілігін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің және Президент Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен келісу бойынша жүргізу ұсынылады.
 

"А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қанағаттанарлықсыз бағалануы Ұлттық комиссиямен келісім бойынша онымен еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады. "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемемен айқындалған тәртіп пен мерзімде өткізіледі", - делінген құжатта.

 
Егер мемлекеттік саяси қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және сонымен қатар өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейін алынуы мүмкін.
 
Бұл ретте бағалау жүргізудің ережелері мен әдістемесін нақтылау ұсынылады.
 
ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі талдау барысында өңірлер әкімдерінің орынбасарларына қолданылған 57 тәртіптік жазаның 19-ы мерзімінен бұрын алынып тасталғанын анықтады. Бұл ретте, өңірлерде бір айдан аспайтын мерзімге қолданылатын тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау практикасы анықталды. Осылайша, оларға қатысты тәртіптік жазалар мерзімінен бұрын алынып тасталған лауазымды адамдар оларды қайтадан қолданған кезде неғұрлым қатаң жазадан кетеді. 
 
Құжатты талқылауға 2022 жылғы 1 сәуірге дейін "Ашық НҚА" сайтында қатысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны