04.01.2023, 10:43 36896
Президент ИИДМ басшысын ауыстырды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Бұған дейін ИИДМ басқарған Қайырбек Өскенбаев қызметтен босатылды
Астана. 4 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Марат Қарабаев ИИДМ басшысы болып Қайырбек Өскенбаевтың орнына келді.
Марат Кәрімжанұлы 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған. Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Су шаруашылығы имараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасы сарапшысының м.а. ретінде бастады.
2011 жылдан 2013 жыл аралығында - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті Сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
2014-2015 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары м.а.
2015-2017 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысының орынбасары, басшысы.
2018-2019 жылдары - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінде басшылық қызметтер атқарды.
2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілде аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы қаңтарға дейін - ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
2021 жылғы қаңтардан бастап ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
2021 жылғы шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.03.2026, 07:32 7101
Қазақстанда референдум алдындағы "тыныштық күні" басталды
Сурет: Изображение создано с помощью ИИ
Достарға айту
Бүгін Қазақстанда референдум қарсаңындағы "тыныштық күні" басталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт жұмыстары кезеңі аяқталып, 14 наурызда ресми түрде "тыныштық күні" тәртібі күшіне енді. Осы уақыттан бастап және дауыс беру күні де - 15 наурызда кез келген үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады ("Референдум туралы" Заңның 7-бабы).
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, референдумға бір күн қалғанда жаңа Конституция жобасын қолдайтын немесе оған қарсы қандай да бір материалдарды орналастыруға тыйым салынады. Дауыс беру күні де сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік бар. Осы ретте кез келген үгіт-насихат заңға қайшы саналады.
Мәселен, тыныштық күні мен референдум күнінде әлеуметтік желідегі репосттар үгіт-насихат ретінде саналуы мүмкін. Бұл ретте осындай заңсыз әрекетке жол берген жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде әлеуметтік желі қолданушылары жауапқа тартылады. Өз кезегінде, бұрын интернет-ресурстарда орналастырылған үгіт-насихат материалдары, сайттың басты бетіне шығарылмай, бұрынғы орындарында сақталуы қажет. Сондай-ақ, референдум күні, өткізу талаптары, дауыс беру тәртібі және басқалары туралы түсіндірме сипаттағы бұрын орналастырылған ақпараттық материалдар, жарнамалық баннерлерді қоса алғанда, бұрынғы орындарында қалуы қажет.
Еске салсақ, 11 ақпан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы - Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары - Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі - Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.
Осы орайда Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.
Атап айтқанда, биыл 12 ақпанда Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының қорытынды жобасы жарияланды.
Республикалық референдумда "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сауал қойылады.
Жалпы, елімізде референдум күні 10,4 мың учаске жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 18:28 57361
Жұмыс алдын алу қағидаты бойынша жүргізілуі тиіс - Қанат Бозымбаев Абай облысында су тасқынына дайындық барысын тексерді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды. Өңір әкімі Берік Уәлимен, Төтенше жағдайлар, Су ресурстары және ирригация министрліктерінің басшылығымен бірлесіп, су тасқыны қаупі бар аумақтарға мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, қорғаныш бөгеттері мен су өткізу нысандары, су басу қаупі бар елді мекендер, сондай-ақ қар жамылғысының жағдайы тексерілді.
Вице-премьер Семей қаласына, Жарма, Абай, Бородулиха және Аягөз аудандарына әуеден шолу жасады. Сондай-ақ Аягөз қаласы мен Шар су қоймасына барып, аудан әкімдерімен кездесті, су тасу кезеңіне дайындық туралы есептерді тыңдап, бірқатар тапсырма берді.
Облыс аумағында 64 елді мекен қауіп аймағында орналасқан: оның үшеуінде су басу қаупі толық жойылған, 22-сінде тәуекел төмендетілген, 39-ында қатер сақталып отыр.
Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде инженерлік іс-шаралар кешені жүзеге асырылды: шамамен 42 шақырым қорғаныс бөгеттері салынды және нығайтылды, 7 шақырымнан астам өзен арналары және 4 шақырым дренаждық әрі су бұру жүйелері тазартылды. Жергілікті атқарушы органдар материалдық-техникалық және қаржылық резервтер қалыптастыруда. 275 мың текше метр қар шығарылды, өзендердегі мұзды жару жұмыстары жалғасуда.
Азаматтық қорғау жүйесінің күштері жоғары дайындық режиміне көшірілді. 1 436 адам және 543 техника бірлігі жұмылдырылды.
Жалпы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алайда әуеден шолу нәтижелері ауа температурасының күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі жағдайында жекелеген учаскелерде ахуалдың күрделену қаупі сақталып отырғанын көрсетті. Осыған байланысты өзен арналары мен су өткізу құрылыстарын уақытылы тазалауға, техника, сорғы жабдықтары және авариялық бригадалардың дайындығына ерекше назар аудару қажет. Гидрометеорологиялық жағдай өзгерген кезде әрекет ету жедел болуы тиіс. Жұмыс алдын алу қағидаты бойынша жүргізілуі тиіс", - деді вице-премьер.
Облыс әкімдігіне су тасқыны қаупі бар учаскелерде тәулік бойы мониторинг ұйымдастыру, елді мекендерден қар шығару жұмыстарын жеделдету, гидротехникалық құрылыстар мен қорғаныс бөгеттеріне қосымша тексеру жүргізу, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының толық дайындығын қамтамасыз ету, эвакуация жоспарларын өзектендіру, уақытша орналастыру пункттерінің дайындығын тексеру және халықты уақтылы ақпараттандыру тапсырылды.
Белгіленген мерзімде аталған тапсырмалардың орындалуы туралы Үкіметке нақты нәтижелермен жиынтық ақпарат ұсынылуы қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 15:23 57646
Мемлекет басшысы "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қызметі мен соңғы екі жылда жүзеге асырған негізгі инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларының қорытындылары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бүгінде "Қазақтелеком" 1,75 миллионнан астам үй шаруашылығына қызмет көрсетеді. Компания ел аумағында талшықты-оптикалық желіні жүйелі түрде кеңейтіп, телекоммуникация нарығының негізгі сегменттерінде көшбасшылық орнын сақтап отыр.
Елді мекендерді байланыспен қамту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. 2027 жылдың соңына дейін 1 миллионнан астам тұрғыны бар 3 мыңнан аса ауылды сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.
Мемлекет басшысына "Каспий ТОБЖ" халықаралық жобасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді. Аталған жоба Ақтау - Сумгаит бағытында суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салуды көздейді. Бұл бастама Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз қалыптастырмақ.
Кездесу барысында деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Екібастұз қаласында "Деректерді өңдеу орталығы алқабы" стратегиялық жобасы аясында қуаты кезең-кезеңімен ұлғайтылатын заманауи орталық құрылуда. Бұл жоба халықаралық технологиялық компанияларды тартуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жол ашады.
Бағдат Мусиннің айтуынша, жасанды интеллект технологияларын енгізуге басымдық беріледі. Корпоративтік процестерді автоматтандыруға арналған ЖИ-агенттерді әзірлеу, киберқауіпсіздік шешімдерін жетілдіру және мемлекеттік секторды цифрландыру бойынша бірқатар жоба қолға алынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев шағын қалалар мен ауылдарды сапалы байланыспен және интернетпен қамтудың маңызына назар аударды. Президент цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту салаларында инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 13:17 57856
IT-Aiel және AqylTech: әйелдер мен жастарға жаңа цифрлық мүмкіндіктерIT-Aiel және AqylTech: әйелдер мен жастарға жаңа цифрлық мүмкіндіктер
Достарға айту
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Nazarbayev University вице-президенті Гүлмира Қанайдың айтуынша, "IT-Aiel" жобасы - әйелдерге арналған цифрлық мүмкіндіктер платформасы. Жоба аясында 21 000-нан астам әйел білім алды, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Бұл - тек оқыту емес. Бұл - экономикалық қайта әлеуметтендіру. Әсіресе 40-тан асқан әйелдер үшін бұл - жаңа өмір бастау мүмкіндігі. Қатысушылар промпт-инженер, чат-бот жасаушы, ЖИ-графикалық дизайнер, бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеуші, цифрлық маркетинг, e-commerce сияқты мамандықтарды меңгеруде. Сонымен қатар киберқауіпсіздік, интернет-алаяқтықтан қорғану, қаржылық сауаттылық негіздері де қамтылған. 2025 жылы жобаға Өзбекстан, Түркия және Қырғызстаннан әйелдер қатысып, олардың үлесі 7%-ды құрады", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар 2025 жылы "AqylTech" жобасы аясында қаржылық сауаттылық, киберқауіпсіздік негіздері және жаңа ЖИ мамандықтары жаппай оқыту жүргізілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6 264 адам сертификат алып, 1 600-ден астамы жұмысқа орналасты немесе фриланс болып істей бастады. Екі жоба да онлайн форматта үш ай бойы жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 13:11 58181
Қазақстанда 27 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген
Сурет: pixabay.com
Достарға айту
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында Қазақстанда әлеуметтік инфрақұрылымның 27 683 нысаны толықтай бейімделді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, "Аманат" партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген "Халықпен бірге" жобасы іске асырылуда.
Аманат" партиясының Жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында Қолжетімділіктің интерактивті картасына (бұдан әрі - Карта) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жыл сайын нысандардың 20%-ы бейімделіп отырады. Осылайша, 2023 жылы - Картадағы нысандардың 20%-ы, 2024 жылы - 40%, 2025 жылы - 60%, 2026 жылы - 80%, 2027 жылы - 100% бейімделуі тиіс.
Ағымдағы жылдың соңына дейін ел бойынша 34 320 нысанды бейімдеу жоспарланған, соның ішінде 27 683 нысанында бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы санының 65%-ын құрайды.
Аталған 27 683 нысанның ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімділері:
- денсаулық сақтау нысандары - 4 570;
- білім беру нысандары - 9 083;
- мәдениет нысандары - 2 166;
- сауда және қызмет көрсету нысандары - 5 314;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар - 4012;
- өзге де нысандар - 2 538.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, өңірлер бойынша бейімделген нысандар саны:
- Астана қаласы - 810 нысан;
- Алматы қаласы - 5 780 нысан;
- Шымкент қаласы - 1 401 нысан;
- Абай облысы - 872 нысан;
- Ақмола облысы - 1 265 нысан;
- Ақтөбе облысы - 898 нысан;
- Алматы облысы - 1 055 нысан;
- Атырау облысы - 1 438 нысан;
- Шығыс Қазақстан облысы - 1 221 нысан;
- Жамбыл облысы - 1 084 нысан;
- Жетісу облысы - 954 нысан;
- Батыс Қазақстан облысы - 1 360 нысан;
- Қарағанды облысы - 1 281 нысан;
- Қостанай облысы - 1 367 нысан;
- Қызылорда облысы - 1 567 нысан;
- Маңғыстау облысы - 703 нысан;
- Павлодар облысы - 1 158 нысан;
- Солтүстік Қазақстан облысы - 1 038 нысан;
- Түркістан облысы - 2 286 нысан;
- Ұлытау облысы - 145 нысан.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар Көкшетау қаласының тұрғыны Рамазан Мұқатаев: "Жалпы қала бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жақсарып, барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Нысан иелері оларды құрылыс нормаларына сәйкестендіруге тырысуда. Көптеген кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар шағымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, кіру топтарын аяқтайды. Сауда орталықтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды, енді оларға мүгедектігі бар адамдар, әсіресе кресло-арбалармен қозғалатындар кедергісіз бара алады. Мысалы, біздің қаладағы "РИО" сауда орталығы. М. Ғабдуллин атындағы мұражайдың қолжетімділік деңгейіне және көшпелі көрмелерді ұйымдастыру мүмкіндіктеріне таң қалдым", - деп бөлісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 12:15 58041
IT-Aiel және AqylTech - қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды әрі нәтижелі бастама
Достарға айту
2025 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен IT-Aiel және AqylTech жобалары іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстанның барлық өңірлеріндегі жастардың қаржылық сауаттылығын, арттыру және цифрлық құзыреттерін дамыту арқылы олардың экономикалық дербестігін күшейту. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров хабарлады. Оқу бағдарламалары қаржылық жоспарлау мен жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға, киберқауіпсіздік талаптарын сақтау және дербес деректерді қорғау дағдыларын меңгеруге, электрондық коммерция тетіктерін түсінуге, цифрлық кәсіпкерлік негіздерін игеруге, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын тұрмыста да, жұмыста да тиімді қолдануға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Былтыр жоба қарқынды даму кезеңінен өтті және нақты нәтижелер көрсетті. Онлайн және офлайн форматта өткен оқыту аясында 11 мыңнан астам қатысушы қамтылды. Осы бағыттағы ағартушылық жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 157 тренерге арнайы оқыту ұйымдастырылды. Республикалық шаралармен қатар ТМД-ға мүше мемлекеттердің басын қосып, халықаралық үздік жобалар байқауы өткізілді", - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
2026 жылы бағдарламалар мазмұны жаңғыртылып, өзекті әрі қолданбалы тақырыптармен толықтырылды. Қатысушылар тек жалпы білім алып қана қоймай, оны нақты нәтижеге айналдыруға бағытталған дағдыларды игереді.
IT-Aiel және AqylTech қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды әрі нәтижелі бастама. Қалыптасқан LMS платформа тренерлер базасы және кеңейген серіктестік желі жобаның тұрақты әрі ұзақ мерзімді жалғасуына негіз болады", - деді ведомство өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 11:34 179461
6 760 мектеп мектептегі тамақтануды "Әлеуметтік әмиян" арқылы цифрлық есепке алуға көшті
Сурет: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Достарға айту
Қазақстанда 6 760 жалпы білім беретін мектепте оқушыларға берілетін тегін және жеңілдетілген тамақты есепке алу үшін "Әлеуметтік әмиян" цифрлық құралына көшу аяқталды. Жоба 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылып келеді, ал мектептегі тамақтану бағыты 2024 жылдан бастап енгізілуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құрал асханаға баруды тіркеу арқылы тамақ алу фактісін автоматты түрде есепке алуды қамтамасыз етеді. Жеткізушілермен есеп айырысу тек нақты берілген тамақ үшін жүргізіледі. Бұл мектепке келмеген балалар үшін қаражат есептеуді болдырмайды. Жеңілдік алу құқығы мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен интеграция арқылы расталады. Ата-аналардың деректерді өңдеуге келісімі болған жағдайда ваучерлер автоматты түрде қалыптастырылады.
Алушылар санаты өзгерген жоқ. 1-4 сынып оқушылары әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін тамақ алады. Жоғары сыныптарда жеңілдік жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де санаттарға беріледі.
Мектептер аппараттық-бағдарламалық кешендермен жабдықталып, "Бизнес-әмиян" қосымшасына қосылды. Жабдықтау жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен қаржыландырылады. "Әлеуметтік әмиянды" қолдану есептің ашықтығын қамтамасыз етуге және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 09:10 179981
Газ саласында 25 жаңа перспективалы учаске геологиялық барлауға енгізіледі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, табиғи газдың ресурстық әлеуетін арттыру мақсатында Энергетика министрлігі "QazaqGaz" ҰК" АҚ-мен бірлесіп кешенді геологиялық барлау бағдарламасын іске асыруда. Бағдарлама саланың шикізаттық базасын нығайтып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
Өткен жылы ұлттық компания Малдыбай, Шалқар, Аққұдық, Солтүстік-2 және Саралжын учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалану жөнінде 5 келісімшартқа қол қойды.
Үш жобаға стратегиялық серіктестер тартылды. Ал екі учаскедегі жұмыстар бейінді еншілес ұйымның күшімен жүргізіледі.
Халықаралық ынтымақтастық та кеңейіп келеді. CNPC компаниясымен келісімге қол қойылып, тікелей келіссөздер кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта Солтүстік-1 учаскесі бойынша келісімшарт жасау күтілуде. Сонымен қатар Eni компаниясымен Каменковский учаскесін бірлесіп зерттеу жұмыстары басталды.
Chevron корпорациясымен әріптестік аясында КТ-III учаскесі бойынша 3D-сейсмобарлау деректерін интерпретациялау жұмыстары сәтті аяқталды. Нәтижесінде жоба экономикалық бағалау кезеңіне өтті. Сонымен қатар негізгі магистральдық газ құбырлары бойында жаңа жерасты газ қоймаларын салу бойынша кешенді есеп әзірленді. Бұл елдің энергетикалық тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.
2026 жылы ресурстық базаны игеру қарқыны артады. Жоспарға сәйкес, Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына 25 жаңа перспективалы учаске енгізіледі.
Елімізде геологиялық зерттеулер мен жер қойнауын пайдалануда белсенді жұмыстар жалғасады. Басым бағыт - CNPC компаниясымен Северный-1 учаскесі, Chevron компаниясымен КТ-III учаскесі бойынша толыққанды келісімшарттарға қол қою және Eni компаниясымен Каменковский учаскесінде геологиялық-геофизикалық зерттеулердің белсенді кезеңіне өту.
Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарының географиясы Орталық Каспий маңы, Теңіз және Шу-Сарысу бассейндерінде жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия алумен кеңейеді. Компания Балқаш шөгінді бассейнінің келешегін егжей-тегжейлі талдап, алдағы геологиялық барлау бағдарламаларын нақтылайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.03.2026, 07:32Қазақстанда референдум алдындағы "тыныштық күні" басталды
12.03.2026, 13:25 78506Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының сессиясында ядролық державалар арасындағы диалогты қайта жандандыруға шақырды12.03.2026, 14:07 77051Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9926 қазақстандық елге қайтарылды12.03.2026, 15:10 76756Астанада Қазақстан-Бельгия саяси консультациялардың алтыншы раунды өтті12.03.2026, 18:13 76436Шэньси халық үкіметі Қазақстандағы конституциялық реформаларды жоғары бағалады12.03.2026, 19:16 76116Мажарстанның Мемлекеттік жиналысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірілді
04.03.2026, 10:54 237901Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 230121Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229586Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229576Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229536Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

