30.03.2021, 20:41 10149

Президент "Самұрық-Қазына" қорының бұрынғы басшысына атқарған жұмысы үшін алғыс айтты

Ахметжан Есімов Президентке көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 30 НАУРЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ бұрынғы төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының бұрынғы басқарма төрағасының атқарған белсенді әрі жемісті жұмысына ризашылығын білдірді", - деп хабарлайды Ақорда.

 
Өз кезегінде Ахметжан Есімов Президентке көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.
 
Естеріңізге сала кетейік, Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті. Оның орнына бұл қызметті Алмасадам Сәтқалиев басқарды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны