24.12.2025, 19:23 2421

Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді

Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді
Сурет: Akorda
Мемлекет басшысы оқу сыныптарын, хореографиялық залды, коворкинг-орталықты, жасанды интеллектінің инновациялық жүйесі енгізілген жүзу бассейнін, кеме модельдеу шеберханасын, театр өнері студиясы мен спорт залды аралады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

750 балаға қызмет көрсететін бұл орталық балалар мен жастардың талантын шыңдауға, көшбасшылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесі мен шығармашылық әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жоба балаларға заманауи білімді, технологияны, мәдениет пен спортты қолжетімді етуге бағытталған.

Қазір кешенде 100-ден астам жоғары білікті педагог жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтың ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесіп, балалар мен жастар шығармашылығын дамытудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар балаларға табыс тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны