15.02.2022, 16:57 24346

ҚР-да "сұр" майнерлердің мүлкін тәркілеу және олардың IP-мекенжайларын шектеу ұсынылады

ҚР-да "сұр" майнерлердің мүлкін тәркілеу және олардың IP-мекенжайларын шектеу ұсынылады
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 15 АҚПАН - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысы барысында "сұр" майнерлерге қатысты қабылданатын шаралар туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сұр майнерлер анықталған кезде олардың ІР мекенжайлары бұғатталады. Сондай-ақ, тиімді шешімдердің бірі "сұр майнерлердің" мүлкін тәркілеуді заңнама аясында тиісті өзгерістерді енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады", - деді Бағдат Мусин.

 
Бұдан басқа, оның айтуынша, Энергетика министрлігі және құқықтық органдардан құрылған мобильді топтардың револьверлік тексеру жүйесі енгізілетін болады. Сондай-ақ, оларды жүйелі түрде анықтау үшін ұйымдардың тізімі жасалып, тұтынылатын энергияның тарихи деректері құрылады және салықтық, кедендік тексерулердің нақты алгоритмі қолданылатын болады.
 
Министр аталған шаралар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Энергетика министрлігі және Қаржы минстрлігімен бірлесіп қабылданатынын атап өтті.
 

Нарықты реттеу бойынша цифрлық майнингті лицензиялау енгізіледі. Мұнда негізгі критерий техникалық талаптарға сәйкес болу, яғни қажетті жабдықтардың, өрт қауіпсіздігі бойынша тиісті бөлменің және міндеттемелердің болуын қарастыру. Сондай-ақ, арнайы тарифті енгізу, электр энергиясын квоталау жүйесі нарық мүшелері мен жалпы мемлекет үшін ашық және түсінікті нарық қағидаттарын орнатады", — деді Б. Мусин.

 
Министрдің айтуынша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, салық салудың оңтайлы жүйесі айқындалатын болады.
 

Мұндайда қытай тәжірибесін қайталамау үшін біздің нарығымыздың бәсекелестігін арттыру, маңызды ойыншылардың біздің елде жұмыс істеуге деген ынтасын сақтау секілді тәуекелдер ескерілетін болады. Сондай-ақ, ESG талаптарын сақтау тұрғысынан "ақ майнерлерге" қарсы міндеттемелерді ұсынылады",— деді цифрлық даму министрі.

 
Цифрлық активтер бойынша заң жобасына Мәжіліс депутаттарының бір тобы бастамашы болды. Аталған іс-шаралар ұсынылған заң жобасы шеңберінде талқыланатын болады.
 

ҚР Үкіметінің отырысында Бағдат Мусин заңды майнинг үшін құрылатын экожүйе халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін түсіндірді. ҚР ЦДИАӨМ Қазақстанда криптобиржаларды құру, криптобиржаларда банктік қызмет көрсетуді іске қосу, майнингтік пулдарды құруды жоспарлап отыр", - деп хабарлады Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.


 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны