07.09.2022, 15:28 16251

ҚР ИИДМ жол саласындағы нормативтік құжаттарды жеңілдету жөнінде бастама көтерді

ҚР ИИДМ жол саласындағы нормативтік құжаттарды жеңілдету жөнінде бастама көтерді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚЫРКҮЙЕК - Жол саласындағы құрылыс нормалары, стандарттары мен нормативтік-техникалық құжаттамалар санын азайту бойынша жүргізіліп жатқан реформа шеңберінде олардың саны 1 200-ден 50-70-ке дейін кемитін болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осы тарапта жүргізілген ревизия салалық ережелерге сәйкес жұмыс уақытын азайтуға және жол құрылысы мен жобалау жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған. Жобалау, құрылыс және автомобиль жолдарын пайдалануға берудің сапасын арттыруда жол саласындағы құрылыс нормалары, стандарттары мен нормативтік-техникалық құжаттар базалық рөл ойнайды. Бүгінде елімізде 1 200-ден астам салалық құжат қолданыста. Оның ішінде, 114 құрылыс нормативтері (ҚР ҚН, ҚР ЕЖ), 303 ұлттық стандарт, 527 мемлекетаралық стандарт (МС), 17 ведомстволық норма, 200 ведомстволық нормативтік-техникалық құжат және 56 баға белгілеу мен сметалық жинақтар бар", - деп түсіндірді ведомствода.

 
ИИДМ мәліметтері бойынша, профилдік құжаттардың шамадан тыс көп болуы мен ретсіздігі оларды басымдықтар бойынша анықтау кезінде біршама қолайсыздық тудырады. Сонымен бірге құжаттарда жиі кездесетін сәйкессіздіктер, қарама-қайшы талаптар, қайталама және ескірген нормативтер жағдайды одан әрмен күрделендіріп, жобалау мен құрылыста көптеген қателіктерге жол береді.
 

Бұл орайда қалыптасқан бей-берекетсіздік қазіргі қолданыстағы мемлекеттік сатып алулар кезіндегі жағдайды тудырып отыр. Былайша айтқанда, қазір ұлттық стандарттарды, оның ішінде жол саласындағы стандарттарды әзірлеуге кез келген физикалық немесе заңды тұлғаның қатысуына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде нормативтік құжаттың сапасының төмендеуіне, оның шынайылығы мен жол мекемелері үшін қажеттілігіне әсер етеді", - деп атап өтті министрлікте.

 
Жалпы кез келген құрылыс сапалы жобалаудан басталатыны белгілі. Еліміздегі автокөлік жолдары жүйелерін дамыту бойынша ұлттық деңгейдегі міндеттемелерді оңтайлы шешу үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автокөлік жолы саласын нормативтік бақылауға жүйелі ревизия жасау қажеттігіне маңыз беруде.
 
Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін ҚР ИИДМ министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтына нормативтік базаны қалыптастыру барысында өзгеше тәсіл қолдануды тапсырды. Ұлттық стандартты әзірлеу алдында жан-жақты ғылыми зерттеу жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар зертханалық жұмыстардың нәтижесі, тәжірибелік аумақтар мен пилоттық жобаларға ұзақ уақыт бойғы мониторингінің қорытындысы да назарға алынуы қажет.
 

Осы тарапта жүргізілген реформаның нәтижесінде жетілдірілген жаңа құрылымдық нормативтік құжат құрылуы тиіс. Ондағы құжаттар саны 50-70-тен аспайтын болады. Жаңа пакетте стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттардың басымдығына айқын шектеулердің енгізілуіне басымдық беріледі. Сондай-ақ жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты құжаттардың оперативтік маңыздылығына да назар аударылмақ", - деп қосты МИИР.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда Қала құрылысы кодексін әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны