27.06.2022, 16:14 16896

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Алмаз Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 27 МАУСЫМ - Алмаз Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды", - деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

 
Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.
 
Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.
 
2005-2006 жылдары — "Қазақавтожол" ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы. 
 
2006-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті.
 
2014-2016 жылдары — "Қазавтожол" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары. 
 
2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болды.
 
2019-2022 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.
 
2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны