05.04.2021, 18:59 16200

ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары болып Берік Шолпанқұлов тағайындалды

Тағайындалғанға дейін Берік Шолпанқұлов ҚР Қаржы вице-министрі болып жұмыс істеді.
НҰР-СҰЛТАН. 5 СӘУІР - Берік Шолпанқұлов ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінде.

 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Дина Төлеубекқызы Ғалиева Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны